Студенттер үйі салынады

Студенттер   үйі салынады

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттеріне арналған 900 орындық жаңа жатақхана жобасы дайын. Қолданыстағы ғимарат сүріліп, оның орнына заманауи талаптарға сай жаңа студенттер үйі бой көтермек. Құрылыс жұмыстары мемлекеттік инвестициялар есебінен жүзеге асады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлап отыр. 

Жаңа нысан облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының тапсырысы бойынша салынады. Жобаны әзірлеуші бас ұйым – «Авангард ОК» ЖШС.

Жатақхана өзара байланысқан үш блоктан тұрады. Жобада студенттердің жайлы тұруына, білім алуына және бос уақытын тиімді өткізуіне қажетті барлық жағдай қарастырылған.

А және В блоктарында жалпы 800 студентке арналған тұрғын бөлмелер бар. Әр қабатта қыздар мен ұлдарға арналған жеке секциялар қарастырылған. Сонымен қатар А блогының бірінші қабатында медициналық блок, өзіне-өзі қызмет көрсететін кір жуу орны, жеке заттарды сақтауға арналған қойма, құжаттарды басып шығару және кеңсе тауарларын сату орны, сондай-ақ жатақхана қызметкерлеріне арналған кабинеттер бар. 

Орталық Б блогында 100 орындық асхана, 80 орындық оқу залы бар кітапхана, компьютерлік сыныптар, студенттердің бос уақытын ұйымдастыру орталығы, ерекше қажеттілігі бар студенттерге бейімделген бөлмелер және 150 орындық акт залы қарастырылған. Сондай-ақ мұнда 20 тренажерге арналған спорт залы, киім ауыстыратын бөлмелер, душ және санитарлық тораптар болады. Басқарма басшысының орынбасары Дархан Тілепбергеннің мәліметінше, жобалау жұмыстары аяқталып, жоба қазір республикалық мемлекеттік «Мемсараптама» кәсіпорнында сараптамадан өтуде.

 

А. ХАМИТТЕГІ
02.07.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26188
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25637
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43024
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38837
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43430