Шу ауданының тұрғындары қоныс тойын тойлады

Шу ауданының тұрғындары қоныс тойын тойлады
Шу ауданында тұрғын үй кезегінде тұрған 8 азамат үш бөлмелі баспанаға ие болды.
 Аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстап, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі екенін алға тартты. 
 
Баспана әлеуметтік осал топтар санатына жататын отбасылар мен көпбалалы аналарға берілді. 
 
7 баланың анасы Перизат Бақытжанқызы көппен бірге қуанып, қоныс тойын тойлап отыр. Көпбалалы отбасы талай жылдан бері пәтер жалдап күн кешіп келген.
 
– Мемлекет қолдауының арқасында пәтерге қол жеткізіп отырмыз. Алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Баспанасыз жүрген отбасыларға осындай қуаныш бұйырсын! – дейді аудан тұрғыны. 
 
Айта кетейік, Шу ауданында 1 872 азамат тұрғын үй кезегінде тұр.
Жамбыл облысы әкімдігі
15.01.2025

Ұқсас жаңалықтар

ЧЕМПИОНДАР ДАЯРЛАЙДЫ
Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 26.03.2025 87
Жүзге жуық жас өнерпаз бірігіп күй тартты
Аят БАТЕЙ, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің 4-курс студенті. - 25.03.2025 149

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3132
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 3351
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 18256
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 16959
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 20359