Су тапшылығының алдын алайық!

Су тапшылығының алдын алайық!
 

Өткен демалыс күні облыс әкімдігі ауылшаруашылық басқармасының басшысы Ербол Жиенқұлов ауданымызға арнайы іс-сапармен келіп, көктемгі-жазғы егістік жұмыстарын суландыру жүйелерімен танысты.

Е.Жиенқұловты қарсы алған аудан әкімінің орынбасары Бақытхан Әбжапаров басқарма басшысына өткен жылғы қуаңшылықтың теріс әсері, одан туындаған қиындықтар мен ағымдағы жылы оның алдын алуға бағытталып жатқан жұмыстарды тізіп, алдағы іс- жоспарларымен таныстырып өтті. Иә, Жаңа Қазақстанның жаңаша дамуы үшін уақытпен санаспай, керісінше, уақыттан оза еңбек ету ұтымды болмақ. Осы ретте, Б.Әбжапаров бүгінгі демалыс күнінің өзінде арқаны кеңге жаймай, ат терлетіп жеткен облыстық басқарманың басшысы Е.Жиенқұловты жергілікті жердегі ахуалмен жіті танысуы үшін ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы Алмас Ерғазыұлы және «Қазсушар» РМК ЖФ Меркі ӨБ-нің басшысының у.м.а. Айдын Сансызбаевпен бірлесіп, бірқатар объектілерді көрсетті. Алдымен, Жамбыл ауылдық округіне қарасты «Қуан и Д» шаруа қожалығында болған Е.Жиенқұлов 50 гектар қант қызылшасы алқабын суландыру мақсатында 265 метр тереңдіктен қазылған су ұңғымасын көріп, бұл іске оң бағасын берді.

Шаруашылық басшысы Дархан Әбдірахманов қордайлық «Алтын су Қордай» ЖШС-мен келісім-шарт арқылы әр метрін 55 мың теңгеден қаздырған құдығына 14 млн. теңге қаржы жұмсаса, түркиялық электр сорғыны 6 млн. теңгеге сатып алған. ҚР Заңнамасына сәйкес, кеткен шығынның 50 пайызы үкімет тарапынан субсидияланады. Осы жайлы түсіндірген облыстық басқарма басшысы ш/қ иесінің алдағы уақытта 1 шақырым қашықтықтан электр желісін тартатынын есітіп, ол да субсидиялануға жататынын жеткізген соң, іс жасаймын дейтін шаруаларға барынша көмек қолын ұсынатындарын айтты.

Одан кейін Т.Рысқұлов ауылдық округіндегі К.Несіпбаевтың «Ар-Ас» шаруа қожалығы жеріндегі шымкенттік «Ресурс ЮГ» ЖШС-нің ұңғыма жұмыстарын көрген Е.Жиенқұлов (суретте) олардың 10 күннің ішінде қажетті 200 метр тереңдіктің 170 метрін қазып үлгергенін, алдағы суару маусымына дейін толық дайын болатынын біліп, сәттілік тіледі. Келесі кезекте, Андас батыр ауылдық округіндегі Р-2 каналының ұзындығы 1.6 шақырымын реконструкциялап, қайта қалпына келтіру жұмыстарымен (оны «АктюбеНефтгазстрой» ЖШС-гі жүргізуде) танысқан

Е.Жиенқұлов сол маңдағы Үлкен Шу каналындағы тазалау жұмыстарымен де кеңінен танысты. Осы күнге дейін аталған каналдың 40,3 шақырымы тазартылып, 7,6 тонна түрлі қоқыс шығарылған екен. Е.Жиенқұлов Гранитогор ауылы тұсындағы АПТ каналының тазалау жұмыстарын көріп, сонымен қатар, күре жол бойындағы, ауданымызда қазылуы тиіс барлығы 46 ұңғыманың (бүгінгі таңда оның 7-еуі дайын) бірінде жұмыс атқарып жатқан «Фирма «Еламан» ЖШС- нің жұмысшыларымен кездесті. 300 метр тереңдікке бұрғы салған олар барлық жұмыстар өз мерзімінде аяқталатынын жеткізді.

Облыстық басқарма басшысы бұл сапарында Сұрат ауылындағы Р-9, Р-10 каналдарында да болды. Өкінішке орай, меркіліктер мен ақтөбелік «ТрейдИнтерком» ЖШС-гі арасындағы келісім-шарт түрлі себептермен әзірше үзіліп тұр екен. Сол себепті, жұмыс та тоқтап тұрған сыңайлы. Десек те, облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Ербол Жиенқұлов аудан көлеміндегі ерте көктемнен бастау алған іргелі істерге көңілі толатынын жеткізіп, қажет болған жағдайда өз тарапынан көмек беретінін айтты.

МЕРКІ АУДАНЫ
13.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 89
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 99
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 195
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 195
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 332
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 335
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 561
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 509

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9210
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8607
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11833
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9603
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10816