СУИЦИД жасағандар саны азайды

СУИЦИД жасағандар саны азайды

Суицид, бұл – адамның өз өмірін  еркінен тыс қиюы. Оған түрлі факторлар әсер етеді. Күйзеліс, торығу, кедейлік, ашушаңдық, отбасылық жанжал т.б.  Әлем бойынша суицидтің алдын алу шаралары қарастырылып келеді. Бірақ анау айтқандай нәтиже аз. Суицид деңгейі Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының денсаулық сақтауға қол жеткізу үшін бекітілген басымдықтарының бірі болып табылады. Атап айтқанда, «2030 жылға қарай алдын алу және емдеу арқылы жұқпалы емес аурулардан мезгілсіз өлімді үштен бірге қысқарту және психикалық денсаулық пен әл-ауқатты нығайту» басты мұрат. Сондай-ақ суицидтен болатын өлім-жітімді азайту көрсеткіші Қазақстанның тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу міндеттеріне енгізілген. 

Бұрын Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында (қолданылуын жоғалтқан) денсаулықтың медициналық-демографиялық көрсеткіштері бойынша суицид статистикасы ескеріліп, жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу шаралары қабылданған болса, «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасында суицид мәселесі терең қаузалмаған.

Шындығын айту керек, Орталық Азияда жасөспірімдер мен балалар арасындағы суицидті азайту бойынша нақты қадамдарға барған алғашқы ел – Қазақстан. 

«Суицид – ғаламдық проблема. Қазақстан –  Орталық Азияда бірінші болып жасөспірімдер мен балалар арасындағы суицид көрсеткішін азайту мақсатында нақты қадамдарға барған ел. Қызылорда облысындағы пилоттық бағдарлама бойынша суицид көрсеткіші 3 жылда 4 есеге азайған. Енді бұл жобаны барлық өңірлерде енгізуге кірісіп жатырмыз. Біздің тәжірибеміз әлемдік ғылымға қосқан азды-көпті үлесіміз болып отыр», – деді Юрий Оксамитный.  

Ал Швециядан келген сарапшы, Суицид пен психикалық ауруларды зерттеу ұлттық орталығының профессоры Владимир Карли бұл қадамға көбінесе қоғам қабылдамаған адамдар баратынын айтты. 

«Суицид – қоғамда стигмаланған тақырып. Адамдар қорқады, қысылады. Адамды өз проблемасымен қалдырмау қажет. Адам қоғамнан көмек сұрайтын жағдай туғызу керек», – деді В.Карли.

Осы орайда суицид проблемасына саяси деңгейде назар аударудың төмендеп кеткенін тілге тиек еткен жөн деп санаймыз. Азаматтарды өмірден өз еркімен кетуге итермелейтін себептерді мұқият зерделеу қажет. Суицидке бірқатар күрделі мәселелер себеп болады. Біріншіден, себебі нақтыланбаған суицидтің үлесі үнемі жоғары болады. (2016-2017 жылдары осы санат барлық жасалған суицидтің 45%-ын, 2020-2021 жылдары 28 және 29%-ды құрады; Яғни өз-өзіне қол жұмсаған қазақстандықтардың үштен бір бөлігі бұл қадамға не үшін барғаны беймәлім.

Белгіленген себептердің ішінде жалғыздық (2016-2021 жылдардағы барлық суицидтердің 3-тен 10%-на дейін) ең көп таралған, бұл отбасылық және тұрмыстық саладағы проблемалардың, қоғамдағы бытыраңқылықтың және т.б. дәлелі болуы мүмкін. Сондықтан мәселені зерттеу керек. Бұдан әрі маңыздылығы бойынша қиын материалдық жағдай (банкроттық, қарыз) соңғы 10 жылдағы барлық суицидтердің 3-тен 5,4%-на дейін; ауыр соматикалық аурулар – 2,3-тен 3,6%-ға дейінгі көрсеткішті құрайды. Бұл Экономика және денсаулық сақтау саласындағы проблемаларды да көрсетеді.

Айта кетейік, әлемде суицид мәселесіне көзқарас әртүрлі: ДДҰ мәліметі бойынша 20 елде әлі күнге дейін суицид әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. 28 елде суицидтің алдын алудың ұлттық стратегиясы бар. Суицидтің алдын алудың ұлттық стратегиясы бар 4 елде және мұндай стратегиясы жоқ 4 елде 30 жылдағы трендтерді талдаған зерттеу нәтижесі мұндай стратегияны қабылдау тиімді екенін көрсетті. Дегенмен авторлар тиімді шараларды анықтаудағы қиындықтарды атап өтті. Осындай шаралардың бірі ретінде 1980 жылдары Швеция үкіметі жалпы тәжірибедегі дәрігерлердің біліктілігін арттыру шарасын жүзеге асырды. Нәтижесінде дәрігерлер депрессияны бұрынғыға қарағанда жақсы анықтай бастағандықтан, елдегі суицид деңгейі айтарлықтай төмендеді. АҚШ-та суицидтің алдын алудың ұлттық стратегиясы және суицидтің алдын алу жөніндегі ұлттық іс-қимыл альянсы бар. Оның негізгі құрамдас бөлігі денсаулық сақтау жүйелерінде тиісті жұмыс жүргізу арқылы суицидтен болатын өлімді азайтуға бағытталған «Zero Suicide» бастамасы болып табылады.

2009 жылғы мәліметке сүйенсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, Қазақстанда 100 мың тұрғынға шаққанда 53 кісі өзіне қол салып қаза болатыны жазылыпты. Қазақстандық әйелдер арасындағы суицидтің көрсеткіші – 15 пен 24 жас аралығында 100 мың тұрғынға шаққанда 11,1 оқиғаны құрапты. Салыстырмалы түрде АҚШ-та бұл көрсеткіш 2,9-ға тең.

Бұл көрсеткіш Орта Азия елдері бойынша Қазақстанда ең жоғары деңгейде екен сол жылдары. 

2024 жылғы шілде айының статистикасы мүлде бөлек. Демек елімізде  суицид саны азайған. ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (ҚР БП ҚС АЕК) мәліметінше, 2022 жылы аяқталған суицидтен қайтыс болғандар саны 4 мыңнан 3,7 мыңға дейін азайды. Егер бұл көрсеткішті соңғы бесжылдықпен салыстырсақ, көрсеткіш орташа деңгейде. Ал 7% азаю динамикасы 2021 жылы суицидтің көбеюімен байланысты. Биыл суицидтен болатын өлім көрсеткіші азайып келеді. 2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында 526 қазақстандық өз еркімен өмірмен қоштасты, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5% аз.

Бір қызығы, өткен жылдардан айырмашылығы, өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттері мен суицидтен қайтыс болу саны шамалас болды: 3,7 мың (айырмашылық тек 65 жағдай). Бұл да соңғы бес жылдағы ең төменгі көрсеткіштердің бірі. Бір жыл бұрын мұндай әрекеттер әлдеқайда көп болды: 4,5 мың.

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК
24.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 27
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 50
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 17
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 23
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 29
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 24
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 53
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 50
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 258
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 255
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 877

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8952
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8346
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11572
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9330
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10556