Шулықтар Маңғыстау өңіріне тағы да шөп жібермек

Шулықтар Маңғыстау өңіріне тағы да шөп жібермек

«Дәл қазір шөп тиелген вагондар батыс өңіріне бет алуға дайын тұр» дейді ұйымдастырушылар. Қысылтаяң шақта батыстағы ағайынмен барын бөліскен шулықтардың қарасы қалың болды. Әр ауылдық округтерден маңдайшасына «Маңғыстаулықтармен біргеміз», деген сөз жазылған жүк көліктерінде тыным болған жоқ. Шөп бере алмаған шулықтар қол көмегін созып, өнегелі істің үлкен үлгісін көрсете білді. Аталған көмек Маңғыстау облысының Шетпе, Жетібай станциясына жеткізілетін болады.

Айта кету керек, бұған дейін Шу ауданынан 2 вагонға тиелген шөп Қызылорда облысының Сексеуіл елдімекеніне жіберілген болатын.

 

Жасұлан СЕЙІЛХАН, Жамбыл облысы
02.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5613
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5760
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20728
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19357
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22823