Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы тағайындалды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы тағайындалды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына Ернар Әбсейітұлы Мақажанов тағайындалды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары Мақсат Жебегенов облыс активіне жаңа басшыны таныстырып, оның алдына бірқатар нақты міндеттерді жүктеді.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Ернар Мақажановтың жауапты қызметіне сәттілік тілеп, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындаудағы маңызды қадамдарды атап өтті.

Ернар Әбсейітұлы 1981 дылы дүниеге келген. Білімі жоғары.
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын «маркетинг және коммерция», «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Алматы облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде инспектор болып бастап, аға инспектор, бөлім бастығы, ауданаралық бөлім бастығының орынбасары лауазымдарын атқарды.

Сондай-ақ Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті ішкі қауіпсіздік басқармасының аға қызметкері, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының бастығы, Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы болып еңбек етті.

Әр жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы, Жамбыл облыстары мен Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы, басшысының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.
2023 жылдың қаңтарынан бастап бүгінгі күнге дейін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымында еңбек етіп келді.

Жамбыл облысы әкімдігі
17.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 57
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 582
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 697
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 611
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 620

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8756
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8156
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11385
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9139
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10370