СЫБАЙЛАС-ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АРТЫНДА КІМ ТҰР?

СЫБАЙЛАС-ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АРТЫНДА КІМ ТҰР?

Cыбайлас-жемқорлықтың қоғамға тигізер қауіпі мен қатері жетерлік. Елдің дамуына да, экономикалық өсуіне де, кадрлық мәселелердің жаңаруына да қайшы тұсы орасан. Сыбайлас-жемқорлықтың арты - қайғы қасірет. Абақты.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек. Әрине, сыбайлас жемқорлық сылып тастайтын сыртқы жара емес, бұл тамырын тереңге жайған, өзге сау органдарын шырмап, тыныс-тіршілігін тарылтатын, сөйтіп олардың толыққанды қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті кесел. Оны емдемес бұрын аурудың пайда болу, даму, таралу жолдарын біліп, дерттің қозуына қолайлы жағдай тууына жол бермеу керек. Ол үшін бұл ауруға қоғам болып қарсы тұруымыз қажет. Яғни бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көрністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сонда ғана халық сенімінен шығатынымыз сөзсіз. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік 30 мемелекеттің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып-парасат биігінен көрінуге тиіспіз. 

Осы қатерді түпкілікті жою үшін әр қазақстандық, әр отбасы «сыбайлас жемқорлық» өз бойындағы дерт деп ұғынып, барынша күресуі қажет!!!

Мемлекетімізде сыбайлас жемқорлық деректерін болдырмау және олардың алдын алу жұмысы үздіксіз жүргізіліп келеді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Сыбайлас жемқорлықтың себебі мен шарттарын жоймай онымен күресу, бұл-жел диірменімен алысу» - деген еді.

Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында жемқорлықтың алдын алудағы жұмыстар жүйелі болу керектегін атап көрсетті.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғаннан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер дәйектілігімен жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы шаралар мен көкейтесті мәселелерді шешуде заңдылықты жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді: Жалпы алғанда, қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің азаюы байқалады. 

Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі екенін атап өтті. Оның пікірінше, заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен, жемқорлықтың тамырына балта шабу керек. 

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жылдары сыбайлас-жемқорлықпен күресте бірқатар маңызды қадам жасалғанына назар аударды. Соттардың сапалы қызмет атқаруы үшін нақты шаралар қабылданды. Кейінгі үш жылда 174 судья жұмыстан шығарылды, я болмаса лауазымы төмендетілді. Жаңадан құрылған әкімшілік соттарға жарты жылдың ішінде 14 мың талап-арыз түскен. Соның тең жартысында сотқа арызданушылар жеңіп шыққан. Қылмыстық процестің үш буынды үлгісі енгізілді. Соның нәтижесінде прокурорлар былтыр үш жарым мыңға жуық адамның қылмыстық процеске негізсіз тартылуына жол берген жоқ. Басқа да бірқатар институционалдық шаралар жүзеге асырылды.

– Жемқорлық әрекеті үшін сотталған азаматтарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынды. Соттарға, құқық қорғау қызметкерлеріне, пара бергендерге және делдалдарға  қатаң жаза қолданылатын болды. Былтырдан бері жалпыға бірдей салық декларациясын тапсыруды бастадық. Осы және басқа да шаралар айтарлықтай нәтиже беріп, жемқорлық деңгейі төмендеді. Дегенмен, түбегейлі өзгеріс әкелген жоқ. Мұны ашық айтуымыз керек. Азаматтарымыз әлі де күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлық жағдайларымен бетпе-бет келуде, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің тапсырмасы бойынша әзірленген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасын бекітетінін мәлімдеді. Бірақ жұмыстың тиімділігі нақты нәтиже бойынша бағаланады. Түпкі мақсат – сыбайлас жемқорлықтан таза қоғам қалыптастыру.

Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының жұмысынсыз сыбайлас жемқорлықпен тиімді күрес жүргізу мүлде мүмкін емес деп санайды. Көп жыл бойы олар мәселені терең зерттемей тұрып, пара алушыларды қылмыс үстінде ұстап келді. Әртүрлі адам бір лауазымды атқарып отырып, бірдей мәселелерді шешкені үшін кінәлі деп танылған. Жемқорларды тұрақты түрде ұстап, түрмеге тоғытып отырған. Ал сыбайлас жемқорлықтың белең алуына қатысты себептер мен жағдайлар ешкімді қызықтыра қоймаған. Тек соңғы жылдары ғана осы мәселеге назар аударыла бастағаны байқалады.

Президент халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуді күшейтуге шақырды. Бүкіл қоғамды жемқорлықпен күресуге жұмылдыру қажет. «Жемқорлық – індет, онымен күресу – міндет» қағидатын баршаның санасына сіңіру бүкіл мемлекеттік органның ортақ жұмысы болуға тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, мемлекеттік аппаратта жобалық басқару қағидаттарын енгізуді жалғастыру маңызды. Барлық мемлекеттік орган жұмыстың жаңа форматына белсенді кірісіп, оларды іс жүзінде қолдануы керек.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлықты терең әлеуметтік ауру деп атады. Президент: біз оны тек ортақ күш-жігермен жеңе аламыз, өйткені сыбайлас жемқорлық тот сияқты мемлекеттік аппараттың барлық вертикалын жейді деп атап өтті. Сыбайлас жемқорлықтан мүлдем бас тартуға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру және мемлекеттік аппарат пен бизнес-қоғамдастық өкілдерін парасатты мінез-құлыққа ынталандыру арқылы ғана қол жеткізуге болады.

Сондықтан "Адал көмек" жобасының алаңында Instagram әлеуметтік желісінде тікелей эфирлер өткізіледі - оларға Департаменттің аумақтық басқармаларының басшылары қатысады. Осы эфирлер кезінде әр көрермен қызықтыратын сұрақтарға жауап ала алады. Олар Департамент пен Қарағанды облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі арасында жасалған меморандум шеңберінде өткізіледі. Мұндай меморандумның мәні - сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік атмосферасын құру мәселелері бойынша ынтымақтастықта.

Департаменттің ресми сайтында "Жиі қойылатын сұрақтар" айдарында ең өзекті, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл шараларына және Департаменттің және оның аумақтық басқармаларының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін сақтауына қатысты жауаптары жарияланады.

Сонымен қатар, егер Сіз Департамент немесе оның аумақтық басқармалары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болсаңыз, мұндай жағдайлар туралы айтуға болады. Ол үшін облыстың санэпидбақылау департаментіне жүгіну қажет -  мекеме Қарағандыда, Әлиханов көшесі, 2 мекенжайында орналасқан.

Келесі байланыс арнасы – «сенім телефоны»: 8 (7212) 50-78-70.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлау үшін Департаменттің ресми сайтына немесе egov.kz. электрондық үкімет порталының онлайн-сервисіне жазу жеткілікті.

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК

25.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 590
Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 774

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19519
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19337
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34463
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33019
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36841