Шымкент пен Сиань – бауырлас қалалар

Шымкент пен Сиань – бауырлас қалалар

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында іссапарда жүр. Бұл әлемдегі ең көне қалалардың бірі, Қытайдың рухани және мәдени астанасы. Оның үстіне Шымкенттің бауырлас қаласы.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Қытайға жасаған сапары аясында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Шымкент пен Сиань арасында бауырластық байланыс орнату туралы келісімге отырып, бірқатар мүмкіндіктерге қол жеткізгені белгілі. Енді міне, сол келісімді жандандыра түскісі келген Шымкент қаласының әкімі Қытайда халықаралық сауда-логистикалық парктің, «Қытай-Қазақстан Сауда-логистикалық компаниясы» қызметінің жұмысымен танысты. Сиань қаласының құрғақ портында Қазақстанның логистикалық орталығы салынды. Биыл ақпан айында Мемлекет басшысы телекөпір режимінде көлік-логистикалық терминалдың жұмысты бастауына рұқсат еткен болатын. Сиань құрғақ портындағы қазақстандық терминалдың жобалық қуаты жылына 133 020 футтық баламасын құрайды. Нысанның жалпы ауданы – 6,7 га. Терминал еліміздің тауар экспорттаушылары үшін жаңа өткізу нарықтарына жол ашады, жүктерді жеткізу мерзімдерін едәуір қысқартады және Қазақстанның Еуразиядағы сенімді транзиттік хаб ретіндегі позициясын нығайтуға мүмкіндік береді. Шымкент қаласының әкімі «Орталық Азия» саябағындағы мәдени көрме орталығына да барды. Бұл саябақ Сианьде Қытай мен Орталық Азия елдері көшбасшыларының тарихи саммитінен бір жылдан соң ашылды. Орталықта және саябақ аумағындағы ұлттық киімдер, мүсіндер мен кәдесыйлар келушілерге Орталық Азия халықтарының мәдени атмосферасын сыйлайды. Ғимаратта отандық тауар өндірушілердің өнімдері ұсынылған сауда қатарлары орналасқан. «Орталық Азия» саябағының аумағында Ғабит Сыздықбеков «Жеті тандыр» ұлттық мейрамханасының құрылысын мақұлдады. Мейрамхана биыл күзде ашылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, Сианьде Шымкентте өндірілген тауарлар ұсынылатын дүкен ашу туралы келісім жасалды. Қажетті рәсімдерден, соның ішінде өнімдер сертификаттаудан өткеннен кейін Шымкент кәсіпорындарының тауарлары Сианьге экспорттала бастайды. Сиань мен Шымкент кәсіпкерлерінің қатысуымен өткен сауда-экономикалық форумына қатысқан қала әкімі Шымкенттің 20-ға жуық компаниясы мен Қытайдың 30-дан астам кәсіпорын өкілдері арасындағы екіжақты кездесулерге мұрындық болды. Айта кету керек, Шымкенттен барған бизнес-делегацияның құрамында денсаулық сақтау, IT, электр жабдықтарын өндіру, құрылыс материалдары, металлургия, тамақ және ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру, білім беру, қоғамдық тамақтану салаларындағы бизнес өкілдері бар. Қала басшысы мұндай кездесулер сындарлы ынтымақтастыққа ықпал ететінін және екіжақты жаңа жобаларды іске асыру перспективаларына жол ашатынын атап өтті. Инвесторлар үшін барлық жағдай жасалған Шымкент қаласының инвестициялық әлеуеті туралы қытайлық әріптестеріне мол мағлұмат берді. Шымкентте жалпы ауданы 869 га болатын 5 өндірістік алаң жұмыс істейді. Бұдан басқа, металлургия, жеңіл және тамақ өнеркәсібін, мұнай химиясын, логистиканы дамыту мақсатында өңдеу өнеркәсібінде 2 098 га аумақта 7 қосымша өндірістік алаңды құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ғабит Сыздықбеков қала әкімдігі Шымкент қаласында сауда қатынастарын орнату және инвестициялық жобаларды табысты іске асыру үшін барлық қажетті қолдауды көрсететінін атап өтті. Форум мен екіжақты кездесулердің қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды. Атап айтқанда, «Invest Shymkent» ЖШС мен «ChinaKazakhstan Enterprises Alliance Committee group» арасында «KazFerroGroup» ЖШС мен «Shanxi Heynan New Metallurgical Equipment Co.» ЖШС арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. «LTP - JT food Expert» ЖШС мен «Xi ‘ an gang Tong Tian Xia Dian zi Shang Wu You Xian Gong Si» арасында-қоғамдық тамақтану саласында бірлескен кәсіпорын құру туралы, сондай-ақ «KazBioTech» ЖШС мен «Alashankou city Haoyu Trading Co. Ltd» - өсімдік майын жеткізуге арналған келісімшарт жасалды. Ресми сапар барысында Сиань қалалық парткомитетінің хатшысы Фан Хунвэй және қала мэрі Е Нюпинмен кездескен қала әкімі екіжақты қатынастарды дамыту мүмкіндіктерін талқылады. Шымкентте қытай капиталының қатысуымен мұнай өңдеу, химия және металлургия салаларында жалпы сомасы 1,4 млрд АҚШ долларын құрайтын 4 ірі инвестициялық жоба табысты іске асырылғанын атап өтті. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында бірқатар жобаларды ұсынған Шымкент қаласының әкімі қазіргі уақытта бүкіл әлемде энергия ресурстарының тапшылығына байланысты баламалы энергия көздерін дамыту мақсатында қытайлық инвесторларды Шымкент қаласында күн электр станцияларын салу жөніндегі жобаларды іске асыруға шақырды. Түркістан, Жамбыл облыстарымен іргелес, дамыған ауылшаруашылығы бар, Өзбекстан Республикасымен шектесетіндіктен, Шымкент қаласы үшін бұл саланы дамыту өте маңызды. – Біз осы саладағы жобаларды іске асыруға мүдделі Сиань қаласынан келген кәсіпкерлерді қолдауға дайынбыз. Сонымен қатар, қалада қолданыстағы сауда-логистикалық орталығының аумағын кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Орталықты кеңейту Шымкентке Орталық Азия елдері арасында көлік-логистикалық хабқа айналуға мүмкіндік береді. Орталық теміржол торабы мен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің бойында және жүктерді кешенді қабылдауды, жөнелтуді жүзеге асыратын әуежайға жақын жерде орналасқан. Логистикалық орталықта құрғақ, тоңазытқыш қоймаларының жобаларын жүзеге асырғысы келетін инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Шымкент және Сиань университеттері арасында тәжірибе алмасу мүмкіндігін қарастыруды, сондай-ақ екі қаланың денсаулық сақтау мамандарының біліктілігін өзара арттыру мәселесін пысықтауды ұсындық. Талқылау барысында осы жылдың күзінде Шымкентте екі қаланың бизнес-қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен ауқымды форум өткізуге келістім, – дейді қала әкімі Ғ.Сыздықбеков. Бұл кездесулер сындарлы ынтымақтастыққа ықпал етіп, екіжақты жаңа жобаларды іске асыру перспективаларына жол ашады. Сиань «Бір белдеу – бір жол» бастамасының Жібек жолы Экономикалық белдеуінің маңызды нүктесі болып табылады.

Ж.ШАЛАБАЕВА
25.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.12.2024 96
АУДАНДА БАСПАНА МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 04.12.2024 60
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 163
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 144
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 557
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 525
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 546
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 544
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 539
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 556
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 543

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9791
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9163
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12400
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10167
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11376