Биыл ел Тәуелсіздігіне 33 жыл толды.
Бұл мерекенің қазақстандықтар үшін маңызы ерекше. Өйткені, бұл күн еліміздің егемендігі, халықтың бостандығы үшін күрескен ұлттық батырларымыз бен ұлт қайраткерлеріне деген құрмет көрсететін күн.
Бұл күн тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым ететін күн.
Бүгін Тәуелсіздік күні мерекесінде Жаңатас қаласындағы «Еңбек Ерлері» аллеясындағы «Тәуелсіздік» монументіне гүл қою рәсімі өтті.
Шараға ел ағалары, аудандағы мекеме, кәсіпорын қызметкерлері, аудан тұрғындары көптеп жиналды.
Жиналғандар тәуелсіздік жолында құрбан болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтарын қойып, ұлттық батырлар мен ұлт қайраткерлерінің рухына тағзым етті.