«TALAS INVESTMENT COMPANY» ЖШС-і зауытының екінші кезенінің іргетасын қалауға салтанатты түрде капсула салу рәсімі өтті

«TALAS INVESTMENT COMPANY» ЖШС-і зауытының екінші кезенінің іргетасын қалауға салтанатты түрде капсула салу рәсімі өтті
Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары МӘДІБЕК Қанатбек, Талас ауданының әкімі ЖҮНІСБЕКОВ Нұрбол, облыс әкімінің кеңесшісі ШИЛИБЕКОВА Ұлжан, , облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы СЕЙСЕБАЕВ Аспандияр, «Тараз» индустриалды аймақ басқарушы компаниясының президенті КАЙНАЗАРОВ Ғалымжан, қаржы ұйымдары тарапынан Қазақстанның Даму Банкінің төрағасы БАЙБАЗАРОВ Нурлан, Бас мердігерлер China Tianchen Engineering Corporation компаниясының Қазақстан Республикасындағы филиалының бас директоры Lin Tao, «МұнайҚұрылысСервис» ЖШс-нің директоры АЛИМБЕКОВ Мақсұт, «КазНимХимПроект» ЖШС-ның директоры АСИЛОВ Арман, жобаның бастамашылары «Саутс Ойл» мұнай-газ компаниясының президенті , «Talas Investment Company» ЖШС-нің негізгі акционері СЕЙТЖАНОВ
Серикжан, «Talas Investment Company» ЖШС-нің басқарушы директоры АЛДАШОВ Бахтияр «Talas Investment Company» ЖШС-нің бас директоры ОМАРОВ Мерей қатысты.
Talas Investment Company» ЖШС кәсіпорны Қазақстанда өнімнің осы түрін өндіретін және алтын өндіру өнеркәсібінде және басқа да бірқатар өндірістерде пайдаланылатын импорттық тауар болып табылатын химия өнеркәсібінің алғашқы кәсіпорны болып табылады.
Зауыт 2014 жылы іске қосылған. Қазіргі таңда кәсіпорын қалыпты режимде жұмыс істеуде. Алты айдың қорытындысы бойынша 5688 тонна цианид натрий және 2375 тонна сульфат аммоний өндірген.
Қазіргі уақыттағы зауыт жылына 15 000 тонна натрий цианидін өндіруга қауқарлы.
Кәсіпорында 557 адам жұмыс жасауда.
Таластық кәсіпорын Ресей Федерациясына және Орта Азия республикалары Моңғолия, Тәжікстан және Қырғызстан мемлекеттеріне өндірілген өнімнің 30-40 пайызын экспорттауда.
Елімізде осы өнімге сұраныстың артуына байланысты, кәсіпорын зауыттың екінші кезеңінің құрылысын бастауда.
Зауыт іске қосылатын болса цианид натрийді 15,0 мың тоннадан 30,0 мың тоннаға жеткізу жоспарлануда. Жалпы инвестиция көлемі 25,8 млрд теңгені құрауда. Кәсіпорын өз жұмысын бастаса 300 адам жұмыспен қамтылмақ. Зауыт 2025 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Талас ауданы әкімдігі
12.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5012
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5177
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20132
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18777
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22234