Бүгін Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы ҚБ-нің Филиалы «Білім қызметкерлерінің кәсіподағының Талас аудандық Комитетінің» I Пленумы өтті.
Пленумға «Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ-нің ұйымдастыру, кадр жұмысы жөніндегі бас маман С.Е.Шымырқұлова, облыстық ұйым өкілі, Қорғау-Тараз-2005 ЖШС-нің директоры, «Еңбекші» газетінің бас редакторы Б.А.Бекназаров, С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің директоры М.Н.Рысқұлбекова және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен төрайымдары қатысты.
Білім қызметкерлерінің кәсіподағының Талас аудандық Комитетінің төрағасы Ә.А.Смағұловпен бірге білім бөлімі мен кәсіподақ ұйымының арасында 2021-2023 жылдарға жасалған Ұжымдық шарт талаптарының орындалуы бойынша есеп бердік.
Сонымен қатар С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің директоры М.Н.Рысқұлбекова және Мектеп-Лицейінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы А.Нұранова өздерінің мекемелерінде Ұжымдық шарт аясында атқарылып отырған жұмыстары туралы баяндама жасап, Облыстық ұйым өкілі Б.Бекназаров жалпы облыс бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқтала кетті.
Білім қызметкерлері кәсіподағының Талас аудандық комитетінде бастауыш кәсіподақ ұйымдарының санын арттыру, кәсіптік одақтарға жаңа, әрі тың күштер тартуда бірқатар пәрменді шаралар жүргізіліп келеді.
2024 жылғы 1 қаңтардағы cтатистикалық есеп бойынша 62 бастауыш кәсіподақ ұйымы болса, 3561 –кәсіподақ мүшесі тіркеуге алынған.
Пленумның соңы кәсіподақ мүшелері мен ардагерлерін марапаттаумен жалғасты.