Тамыры терең той-Саудакентте жалғасты

Тамыры терең той-Саудакентте жалғасты
Бүгін тоқшылық пен береке-бірліктің мерекесі – Наурыз мейрамы Саудакент ауылында жалғасын тапты. Саудакент ауылының кіре берісінен ұлттық киімдегі атқа мінген азаматтар шеру жасап, орталыққа барды. Ұлық мерекемізге арналған іс-шарада ұлттық құндылықтар кеңінен дәріптеліп, халқымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерінен театрландырылған көріністер қойылып, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өтті.
Әз-Наурыз мерекесін көпшілікпен қарсы алған аудан әкімі Марат Қырғызәліұлы бірлігі жарасқан Саудакент жұртшылығын ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.
Ұлыстың ұлы күніне арналған мәдени іс-шараны еңкейген кәріден, еңбектеген балаға дейін тамашалап, бір-бірін құттықтап, ізгі ақ ниеттерін білдіріп жатса, ауылдың алтауыздары мен өнерпаздары ән мен жырдан шашу-шашып, көпшілік керемет көңіл-күйге бөленді.
 
 
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
22.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

Ұлытау – ұлттың жүрегі, тарихтың тірегі
Гүлден ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ, Ұлытау облысы - 29.10.2026 572
Еуропа  дүрлігіп жатыр
Ерғазы Сейтқали - 23.10.2026 455

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 29259
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 28813
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 46080
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 41695
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 46393