Тараз қаласы мен Байзақ ауданын жалғайтын жолдар жөндеуден өтуде

Тараз қаласы мен Байзақ ауданын жалғайтын жолдар жөндеуден өтуде
Биыл Тараз қаласында 44 жоба бойынша жол жөндеу жұмыстары жүруде. Көне шаһардың бұрын-сонды жөндеу көрмеген жолдарына барынша басымдық беріліп, шалғай жатқан тұрғын алқаптарда игілікті істің шарапатын көруде. Сондай-ақ, аудан мен қаланы жалғайтын күре жолдарға да биыл ерекше екпін түсірдік. Әсіресе, байзақтықтарды Таразбен екі ортадағы жол жайы толғандырып келген еді.
Биыл соның сәті түсіп, Мәмбет батыр көшесінің айналымынан Тараз қаласы шекарасына дейін (Бурыл ауылы бағыты) және Жамбыл даңғылынан шаһар шекарасына дейін (Апатаев көшесімен Сарыкемер бағыты) орташа жол жөндеу жұмыстары жүруде.
Осыдан бірер күн бұрын Бурыл ауылы бағытындағы жолға асфальт төсеу жұмыстары аяқталса, кеше Сарыкемер бағытындағы жолға асфальт жабындысы төселе бастады. Екі бағыттағы жолдың құрылысын «Рауан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Техникалық қадағалаушы – «СК РИЗАЛИТ» ЖШС.
Енді сәтін салса, байзақтықтар жақын күндері тақтайдай тегіс жолмен облыс орталығына қатынайтын болады.
Бақытжан Орынбеков, Тараз қаласының әкімі
13.10.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5005
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5171
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20126
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18771
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22227