2022 жылда 10 жаңа автобус сатып алу үшін қарыз қаражаты қажет болды. Компания «Даму» Қорының Жамбыл облысы бойынша филиалына жүгініп, толық консультация алып, өз мақсатын жүзеге асыру үшін несие алуға Тараз қаласындағы «ForteBank» АҚ-ға жүгінді. Кредит 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде мақұлданды, Қор пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және кепілдендіруді ұсынды, бұл ретте кәсіпкер үшін сыйақының соңғы мөлшерлемесі жылдық 6% – құрады.
«Даму» Қорының 6% арқасында «ТаразТрансМоторс» ЖШС 10 жаңа автобус сатып алды, кәсіпкердің жоспарында қазіргі заманғы автобустар санын ұлғайту да бар. Компания қала тұрғындарының автобус салондарында өздерін жайлы сезінуі, жүргізушінің жұмысына риза болуы үшін көп күш жұмсайды.