Тараз қаласының кәріз суларын тазарту нысанының мәселесі қаралды

Тараз қаласының кәріз суларын тазарту нысанының мәселесі қаралды

Аймақ басшысы мәселенің өзектілігін, бұл туралы бір апта бұрын жиында жан-жақты қаралғанын, сол кезде берілген тапсырманың орындалу барысын сұрады.

Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаев жоба бойынша екі ұсыныс қаралғанын жеткізді.

– Жоба үлкен. Техникалық шешімдер қабылауда керек болады,-дей келе  облыс әкімі өзінің тиісті орынбасары мен өзге де жауаптыларға ұсыныстар бойынша жан-жақты талдау мен есептеулер жүргізіп, тиімділігі бойынша нақты таңдау жүргізуді тапсырды. Компанияның осы саладағы тәжірибесіне, сапа мен қаржының үнемдеуге қатысты жағдайларға баса назар аудару керектігін ескертті.

Нұржан Нұржігітов нысандағы қазіргі жағдай бойынша қандай шешімдер қабылданып жатқанын сұрады.

Қала әкімі Ержан Жылқыбаев «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС қорытындысын негізге алып және сүзгі алқабында қалдық сулардың шектен тыс көбеюіне байланысты апаттық жағдайдың орын алуы ескеріліп, төтенше жағдай аумағы ретінде қабылдау мәселесі қаралуда екенін атап өтті.

Бүгінде орын алып отырған экологиялық апаттың алдын алу мақсатында қосымша карталар салуға Жамбыл ауданынан 20 га жер телімі бөлінген. Қазіргі таңда механикалық отряд мекемесі тарапынан имараттың жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде.

Облыс әкімі жұмыстарды тезірек бастауға назар аудартып, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

 

Жамбыл облысы әкімдігі
21.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 66
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 66
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 173
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 173
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 315
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 316
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 538
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 486

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9190
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8588
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11816
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9585
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10799