Таразда алғаш рет «Кazagrozhambyl-2024» халықаралық ауыл шаруашылығы форум-көрмесі өтеді

Таразда алғаш рет «Кazagrozhambyl-2024» халықаралық ауыл шаруашылығы форум-көрмесі өтеді

Ағымдағы жылдың 19-21 наурызы аралығында Тараз қаласында алғаш рет «Kazagrozhambyl-2024» Халықаралық ауыл шаруашылығы форум-көрмесі өтеді.

Шара аясында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) ауыл шаруашылығы министрлерінің 3-ші кеңесі ұйымдастырылады.

Форумға Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан ауыл шаруашылығы министрлері, Түркия, Қырғызстан вице-министрлері,  ТМҰ Бас хатшысы, Венгрияның Алматы қаласындағы бас консулы, сондай-ақ Қытай, Нидерланд, Ресей және т. б. елдердің компанияларының өкілдері қатысады деп күтілуде.

Жиын қорытындысына сәйкес, стратегиялық келісімдер қабылданады. Форум-көрмеге 70-тен астам компания қатысатыны расталды.

Форум барысында халықаралық және отандық сарапшылар, мамандар ауыл шаруашылығы саласындағы соңғы жаңашылдықтар мен инновацияларды, тұқым шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту, жылыжай бизнесі және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мәселелері талқыланады.

Делегация басшыларының қатысуымен ECOSA тұқым шаруашылығындағы 8-ші Конгресі өтеді. Жоспарланған B2B кездесулерінің нәтижесінде бірқатар келісімшарттарға қол қойылады деп көзделуде.

Айта кетейік, форумның Тараз қаласында өтуінің де маңызы зор. Тараз – Ұлы Жібек жолындағы негізгі қалалардың әрі еліміздің ең көне шаһарларының алдыңғы қатарында. Сондай-ақ, Түркі әлемінің орталықтарының бірі.

Сонымен қатар, Жамбыл облысы – ауыл шаруашылығының жетекші салаларын дамытуға аса ыңғайлы өңір. Облыс шаруалары еліміздегі пияздың үштен екі бөлігін және сарымсақтың 50 пайызын өсіреді. Бұдан бөлек, облыс ұсақ мал басы бойынша республикада екінші орында.

Респблика бойынша фосфориттерінің баланстық қорларының 72 пайызы Жамбыл облысының жер қойнауында шоғырланған. Бұл ТМД аумағындағы ең ірі қорлар және әлемдік ауқымда да маңызды болып табылады.

 

Жамбыл облысы әкімдігі
17.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 178
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 173
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 683
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 803
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 717

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8873
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8268
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11496
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9252
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10479