Таразда «Ұлттық киім - трендте» атты мерекелік акция өтті

Таразда «Ұлттық киім - трендте» атты мерекелік акция өтті

Наурызнаманың бесінші күні – Ұлттық киімді ұлықтауға арналды.

Айтулы күнді жамбылдықтар да айрықша сән-салтанатымен атап өтті.
Мерекеге орай «Көне Тараз» кешенінде «Ұлттық киім - трендте» атты акция ұйымдастырылды.

Шара аясында ардагерлер, жастар, еріктілер мен қолөнершілерден құралған 100-ден аса тұрғын ұлттық нақыштағы киім киіп, көне шаһарды думанға бөледі.

Олар Төле би даңғылынан бастап қаланың бірқатар орталық көшелерін жүріп өтіп, тараздықтарға ерекше әсер сыйлады.

Сондай-ақ іс-шара аясында ұлттық киімдер туралы викториналық сұрақтар қойылып, көпшілікке құрт, ірімшік, бауырсақ секілді қазақи дәмдер таратылды.

Бұдан бөлек, «Көне Тараз» кешенінде мектеп жасындағы 30 бүлдіршін «Ерке сылқым» күйін орындады.

Дәл осындай мазмұндағы бірқатар шаралар облыстың аудандарында да лайықты жалғасын тапты.

Байзақ аудандық Әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде өткен шара барысында жергілікті шеберлер тіккен ұлттық киімдердің сән үлгілерін паш еткен көрме ел назарына ұсынылды.

Бұл күні тұрғындар «Әдемі» тігін шеберханасының негізін қалаушы, жеке кәсіпкер Аққалам Жұмаева мен аудандық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Күнсая Әмірованың ұлттық мерекеге арналған туындыларын тамашалады.

Сондай-ақ, осы күні Жамбыл ауданында 500-ге жуық адам ұлттық киім киіп, Аса ауылының негізгі көшелерімен жүріп өтті.
Жол бойы халық әндері мен патриоттық әндер шырқалды.

Жамбыл облысы әкімдігі
19.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 177
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 172
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 682
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 802
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 716

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8871
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8266
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11494
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9250
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10477