ТӘРБИЕНІҢ БАСТАУЫ – БАЛАБАҚША

ТӘРБИЕНІҢ БАСТАУЫ – БАЛАБАҚША

Баланың тәрбиелі ұрпақ болып жетілуіне бірден-бір ықпал ететін орын – балабақша. Қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін осы салада еңбек етіп жүрген қанша мамандар бар. Баланың былдырлаған тілін қызықтап, келешекте олардың тәрбиелі де білімді, ақылды болып өсулеріне үлес қосқан қандай бақыт десеңізші! 

Балабақша – білім ошағы. Барлық ата-ана баласының тәрбиелі, зейінді, салауатты ұрпақ болып жетілгенін қалайды. Осы жолда балабақша ұжымы, тәрбиешісі ата-анамен тығыз байланыс жасай отырып, екі жақтап еңбек етеді. Ата-ана баласы үшін барын беріп, қолынан келген жақсылықты жасауға тырысады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші, ата-ана мен тәрбиеші үйдегі тәлім мен балабақшадағы тәрбиені үйлестіріп, жас өрендерді жетілдіруге екі жақты күш біріктіре еңбек етеді. Жүректері кіршіксіз таза, ақ қағаздай бүлдіршіндерді білімді, сабырлы, ұлтжанды, өнерлі, шыншыл етіп тәрбиелеу біздің, яғни балабақша ұжымының міндеті деп білемін. Бала – біздің болашағымыз! Олар – біздің байлығымыз. Бала – біздің мақтанышымыз! Қазақта «Балаға өз тіліңмен сөйлеме, өз тілімен сөйле» деген даналық сөз бар, яғни баланы ұрып тәрбиелей алмаймыз, ақылмен, сабырмен, еркелете отырып жүректеріне жол тауып, нәзік көңілдеріне ізгілік дәнін еге білуіміз керек. Бұл балабақша тәрбиешілеріне қойылар басты талап. Тәрбиелі ұрпақ – елдің мақтанышы. Біз ұрпағымызбен мың жасаймыз. Сондықтан бала тәрбиесіне немқұрайлы қарауға болмайды. Өкінішке орай, өз баласының озбырлығын мойындамайтын, бұзықтығына еш мән бермейтін, жүгенсіз кеткен қылығын «еркелік, пысықтық, өжеттік» деп ақтап, соны мақтаныш көретін ата-аналар бар. Ондай ата-аналар болашақта өздері еккен ағаштың ащы жемісін жеп, жапа шегеді деп ойлаймын. Сондай-ақ, көп ата-ана бүлдіршіндерінің түннің ортасына дейін ұйықтамай телефон шұқылайтынына шағымданады. Бұл, әрине, дұрыс емес, бала ұйқыға ерте жатып, таңертең ерте тұрып үйрену керек. Ал баланы көбірек мақтап, кішкентай жетістігіне де мән беріп, қолдап, қуаттап, демеп, дұрыс бағытқа жөн сілтеп отырса, болашақта одан саналы ұрпақ өсіп шығады. Мен Қызылорда қаласындағы «Хадиджа-2» балабақшасында ән-әуез жетекшісі болып жұмыс істеймін. Сабақ барысында оларды мақтап, мадақтап, «Сендер еліміздің болашақ жұлдызысыңдар! Әрқайсысың жұлдыз болуға лайықсыңдар! Мен сендерді жақсы көремін және мақтан тұтамын!» деген сияқты әдемі сөздеріммен демеп, көтермелеп отырамын. Әрбір бала қабілетті, дарынды, тек ұстаздар сол дарынды тани біліп, бұлақ көзін аша білуі керек. Мен өз мамандығымды жақсы көремін. Осы салада жұмыс істегенімді мақтан етемін, яғни бала тәрбиесіне кішкентай болса да өз үлесімді қосқаныма өте қуаныштымын.

Жеңіскүл ЕЛЕМЕС, «Хадиджа-2» балабақшасының ән-әуез жетекшісі, Қызылорда қаласы
19.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЛАР ЖАЛҒАСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 47
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 106
 ОТЫРАРЛЫҚ ҮЗДІК ҰСТАЗДАРҒА ДУБАЙҒА ЖОЛДАМА ТАБЫСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 21
ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 51
ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 49
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 106
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 136
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 139
Жарқын жобаның жемісті жалғасы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 129
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 136
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 142
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 136

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 11265
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 10201
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 13448
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 12402
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 17410