ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ -БҮЛДІРШІНДЕРМЕН БІРГЕ

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ -БҮЛДІРШІНДЕРМЕН БІРГЕ

 

Астана күні қарсаңында Орал қалалық полиция басқармасының тәрбие және кадр жұмысы бөлімі шаһарымыздағы №25 «Тұмарым»  балабақшасы ұжымымен бірлесе мерекелік, танымдық іс-шара ұйымдастырды. Бұл туралы Полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Аталмыш басқарманың тәрбие және кадр жұмысы бөлімі жеке құраммен өткізілетін идеологиялық және тәрбие жұмысының жоспарына сай біркелкі іс-шараларды жүзеге асырып келеді. Қызметкерлерді патриоттық рухта тәрбиелеу,  таңдаған мамандығын игеріп, ұжымының мақтанышына айналуына ықпал ету, еңбек өтілі мол қызметкерлерді салаға қабылданған жас қызметкерлерге үлгі ету, жас жеткіншектерді түрлі іс-шараларға қатыстыру мақсатында кездесулер өткізеді. 

Елорданың туған күні қарсаңындағы шараның басты мақсаты – бүлдіршіндерге  еліміздің жеткен жетістіктері, тәуелсіз мемлекеттің гүлдену символы болған Астананың даму жолы туралы шағын мағлұмат беру. Бүлдіршіндердің еліміздің бесігі атанған Астанаға деген мақтаныш сезімін ұялату басты назарға алынды.  

Іс-шара  барысында алдымен сөз алған  №25 «Тұмарым» балабақшасының меңгерушісі  Жанар Жұмабекқызы Астана күнімен тәрбиеленушілерді  құттықтап, тәртіп сақшыларының мемлекетіміздің игілігі жолындағы тынымсыз қызметіне табыс тіледі. 

– Ата-бабамыздан жеткен қасиеттер мен асыл құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жалғау –  біздің борышымыз. Сындарлы саясат пен табандылықтың,  қажырлы еңбектің арқасында осындай әдемі әрі сәулетті қаламыз бой көтерді. Астананың сұлулығына тәнті болмайтын жан жоқ. Алыстағы ағайын, ауыл азаматтары, мектеп оқушылары, кішкентай балалар – барлығы да жаз мезгілінде Астанаға барып қыдыруды армандайды. Астана – қазақстандықтардың мақтанышы, – деді балабақша меңгерушісі. Ал тәрбиешілер  балаларға бүгінгі әсем қала  туралы әңгімелеп берді.

Бұдан әрі балабақшаның кішкентайлары Сарыарқа төріндегі әсем шаһардың туған күніне орай асфальтқа суреттер салды.  Бейбітшілікті, көк аспан мен жарқыраған күнді, қырмызы даланы, қызғалдақтарға толы алқаптарды, Хан шатырын, өзге де еліміздің көрікті жерлерінің бейнелерін салып, әдемілеп бояды. 

Іс-шара соңында басқарманың тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің инспекторы, полиция лейтенанты Дәрмен Бисембеев, қалалық Жергілікті полиция қызметі бөлімі ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Айнат Жаниев келісті іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқан балабақшаның ұжымына алғыстарын айтып, бүлдіршіндердің үлкен азамат болып өсуін тіледі. 

Ләззат Салауатқызы,

БҚО Орал қаласы

 

10.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

Негізгі миссия - Заң және тәртіп
Бас прокуратураның баспасөз қызметі - 24.02.2025 579
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ЖАС ПОЛИЦЕЙЛЕР СЕНБІЛІККЕ АТСАЛЫСТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 10.02.2025 47
 МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 10.02.2025 3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БІР ЖЫЛДА 5 ЖАҢА ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ ҚҰРЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 10.02.2025 18
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАУЫНГЕРЛЕР КЕЗЕКТІ ДАЙЫНДЫҚТАРЫН ЖҮРГІЗДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 10.02.2025 27

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 14721
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 13504
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 16797
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 15669
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 20744