Тасөткел су қоймасын сейсмикалық күшейту жұмыстары қарқынды жүруде

Тасөткел су қоймасын сейсмикалық күшейту жұмыстары қарқынды жүруде

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Шу ауданындағы Тасөткел су қоймасында болып, нысанды сейсмикалық күшейту мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Ол жұмыстарды «ТаразҚұрылысИнвест» ЖШС жүргізуде. Жобаның құны 2,1 миллиард теңгені құрайды.

Учаске басшысы Мұрат Есенбаевтың айтуынша, қазіргі таңда су қоймасының тоспасы салынуда. Құрылыс жұмысына 26 техника мен 38 құрылысшы жұмылдырылған. Нысанның құрылысы ағымдағы жылдың тамыз айында басталған. Жалпы су қоймасындағы сейсмикалық күшейту жұмыстары алдағы жылдың қыркүйек айында толығымен аяқталады деп жоспарланған десек, тоспаны осы жылдың соңына дейін тапсыру көзделуде.

Облыс әкімі су қоймасының маңыздылығын еске салып, суды ертерек жинау керектігін айтты.

- Басты мақсат – егістік жерлердің ауқымын ұлғайту. Тасөткел су қоймасына 620 миллион текшеметр су жиналады. Үш ауданның егістік алқаптары осы қойма суымен ылғалдандырылады. Алдағы жылдың суару кезеңіне дейін су қоймасына тиісті көлемдегі суды жинап алуымыз керек. Сол үшін құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізіп, суды ерте бастан жинауға күш салуға тиіспіз, - деді Нұржан Нұржігітов.

Қазіргі таңда тоспаның табанынан бастап, су ағар науаға дейінгі биіктікті бетондау жұмыстары жүргізілген. Ендігі жерде құрлысшылар су тоспасының ең жоғарғы бөлігі, қауіпсіздік тоспасының құрылыс жұмысына кірісіп кеткен. Ол қауіпсіздік тоспа су қоймасына сел, басқа да табиғи жағдайда бір миллиард текшеметрге дейін су қабылдап, оның нысанға төндірер қауіпін азайтып, бес су науасы арқылы төменге ағып кетуіне мүмкіндік бермек. Жалпы мұнда барлық қауіпсіздік шаралары назарға алынған.

Мұрат Есенбаев ағымдағы жылдың 25 желтоқсанында бетондау жұмыстарын аяқтайтынын, сол күннен бастап су жинай беруге болатындығын айтты.

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов мердігер өкілдеріне құрылыс жұмысын сапалы, үздіксіз жүргізіп, жоспарға сай тапсыруды жүктеді.

Жамбыл облысы әкімдігі
19.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 149
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 60
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 185
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 182
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 149
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 296
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 294
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 510
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 467

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9167
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8565
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11793
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9561
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10773