Тәуекел картасы – әділдіктің айнасы

Тәуекел картасы –  әділдіктің айнасы

Жетісу облысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасын іске асыру шаралары жүріп жатыр.

Осы бағытта халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруге және өңір тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелерді оңтайландыру жүйесі жолға қойылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасы бойынша толыққанды мәлімет берді.

Департамент басшысы Саян Қылышұлының айтуынша, тәуекел картасында құрылыс, денсаулық, білім, экология, жолдар мен инфрақұрылым, әлеуметтік сала, спорт, бизнес, апатты және тозығы жеткен тұрғын үй саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Аталған 9 саланың бүгінде 6-ы қамтылды.

Үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша «Бизнеске жол» жобасы аясында 207 кәсіпкердің құқығы қорғалды. Мемлекеттік сатып алу мониторингінде жыл басынан бері 957 млн теңге үнемделді. ҚР ӘҚБтК-нің 173 және 680-баптары бойынша 12 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ендігі кезекте экология саласында құм-қиыршық тас қоспасын заңсыз өндіру бөлігінде, сондай-ақ, инфрақұрылым саласы сумен, жылумен, газбен жабдықтау, кәріз тазарту желілеріне қаражат жұмсау мәселелері қарастырылмақ.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары Департамент назарында. Осы тұрғыда тұрғындар өз ұсыныстары мен өтініштерін білдіре алады.

 

Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы
31.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 48
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 577
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 691
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 606
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 615

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8752
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8152
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11381
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9135
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10366