2026 жылы 27 сәуірде Израиль Президенті Ицхак Герцог Қазақстанға ресми сапармен келді. Екі елдің басшыларының кездесуі кезінде Қасым-Жомарт Кемелұлы:
«Еліміз Ибраһим келісімдеріне қосылу туралы шешім қабылдады. Бұл қадам Таяу Шығыс елдері мен Израиль арасындағы қарым-қатынастың қалпына келуіне Қазақстанның да үлес қосуға дайын екенін көрсетеді. Бүгін біз өзара экономикалық байланыстарымызға қатысты көптеген мәселені талқылаймыз. Өйткені екіжақты ынтымақтастықтың әлеуеті зор. Бұл мүмкіндікті мейлінше пайдалану керек», – деді.
Президенттің бұл сөзі сол тұста кейбір желөкпе басылымдар жазып жатқан қаңқу сөздерге жауап болғаны анық еді. Яғни Қазақстан келісімді қолдай отырып, аймақтағы елдер арасындағы ынтымақтастықты қалпына келтіруді көздейді деді.
















