ТАЗА КӘСІП – ТАЗА АЙМАҚ

ТАЗА КӘСІП – ТАЗА АЙМАҚ

Ақтөбеліктер «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына бір кісідей жұмыла қатысып жатыр. Әр сала мамандарымен бірге жастар да қолына кетпен-күрегін алып, туған жердің тазалығына үлес қосуда. 

12 тамыз бірқатар елдерде Халықаралық жастар күні атап өтілді. Осы атаулы күнге орай сейсенбі күні Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті.

«Экоакцияға Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығы қызметкерлерімен бірге белсенді жастар, жас ақындар, тілшілер, Астана және Алматы аудандары Пробация есебіндегі жастар және «Жасыл ел» еңбек жасағының мүшелері қатысты. Біз «Қаржыгерлер» скверін қоқыс қалдықтарынан тазартып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлесімізді қосып жатырмыз. Орталық тарапынан қала көшелері мен жағалауларды тазалау жұмыстары дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. 

Жалпы, бұл акцияны «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына өз үлесімізді қосу,  қала жастарын туған жерімізді құрметтеуге, табиғатты аялауға, қорғауға, қоршаған ортаны таза ұстауға шақыру, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту мақсатында ұйымдастырдық», – дейді аталған ресурстық орталық басшысы Самғат Артығалин. 

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына Ақтөбе өңіріндегі әр саладағы еңбек ұжымдары өздері қызмет ететін ғимараттардың айналаларын жинап, сенбіліктер, таза бейсенбіліктер өткізіп тұрады. Ақтөбелік дәрігерлер де бір сәтке ақ халаттарын шешіп, экологиялық акцияға өз үлестерін қосты. 

150-ге жуық адам Ақтөбе қаласындағы «Дару жарығы» офтальмологиялық орталығы маңын күл-қоқыстан тазалады. Орталық қызметкерлері мен дәрігерлер  «Таза кәсіп – Таза аймақ» акциясына қатысып, осылайша өз азаматтық позицияларын танытты.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан экоакция аясында орталық дәрігерлері мен кіші қызметкерлер арнайы бекітілген кестеге сәйкес тазалық жұмыстарын тұрақты түрде жүргізеді. Мұнда қазір 1000-ға жуық адам жұмыс істейді. 

Мұндай игі істен ақтөбелік кәсіпкерлер де қалыс қалып жатқан жоқ. Шағын, орта және ірі бизнес субъектілері еңбеккерлері де сенбіліктер мен таза бейсенбіліктерден қалмайды. Жақында Ақтөбедегі ірі сауда орындарының бірі – «Энергия» сауда үйі аумағында өткізілген акция соның айғағы. «Таза кәсіп – таза аймақ» ұранымен өткен іс-шара аясында «энергиялықтар» іргелес аумақтарды тазалап, қоршауларды бояп, өздеріне тиесілі аумақты сыпырып, тап-тұйнақтай  етті. 

Аталған мекеме басшысы – «Динар-Электромаш» ЖШС құрылтайшысы және іс басқарушысы, облыстық мәслихат депутаты Сергей Вишняк бұл кәсіпорынның ширек ғасырдан бері аумақты абаттандырумен айналысып келе жатқанын айтады. 

«Жыл сайын қала әкімдігі ең жақсы абаттандырылған іргелес аумаққа конкурс ұйымдастырады. Біз өткен жылы да, осы жылы да бірінші орынға ие болдық», – деді С.Вишняк. Расында да, «Энергия» сауда үйінің аумағы кірсе шыққысыз. Мұнда алма, алмұрт, шие, өрік, қара өрік және басқа да жеміс ағаштарымен бірге экзотикалық өсімдіктерді де көруге болады. Сауда үйінің арнайы бағбаны да бар екен. Мұнда өндірілген табиғи таза өнімдерден аспаздар дүкен қызметкерлеріне ыстық тамақ дайындау үшін пайдаланады екен. 

«Энергия» сауда үйі биыл «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған «Абаттандырылған аумақ» тақырыбында өткізілген байқаудың бас жүлдесіне ие болды. Ақтөбе қаласы Астана ауданының кәсіпорындары және ұйымдары арасында өткізілген байқаудың мақсаты – қаланың сыртқы келбетін жақсарту, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қалалық кәсіпкерлік нысандардың арасында ең жақсы абаттандырылған аумақты анықтау. Байқауға қатысқан 14 кәсіпкерлік нысаны арасында «Динар-Электромаш» ЖШС жеңімпаз деп танылды. Жеңімпаздарды құттықтаған Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет акция аясында атқарылған жұмыстарға тоқталды: 

– Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алған болатын. Акция 5 кезең бойынша ұйымдастырылды. Олар: «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ». Акцияға 120 мыңнан астам адам қатысты. Оның ішінде 3 мыңнан астам мекеме мен кәсіпорындар үлес қосты. Көшелер, саябақтар, скверлер мен ғимарат алаңдары ретке келтірілді. «Таза Қазақстан» іс-шарасы аясында «Абаттандырылған аумақ» конкурсы өткізілді. 

Шын мәнінде, шаһарымызды көгалдандыру, абаттандыру – үлкен маңызы бар іс. Бұл бүгін шығып, ертең ұмытып кететін бір реттік науқан емес. Сондықтан қала тұрғындарын бұдан әрі де өз үйін, өз ауласын, өз көшесін таза ұстауға қатысуға шақырамын, – деді қала әкімі.

 

Жалпы облыста «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына 279 077 тұрғын, 6 672 мекеме мен кәсіпорын қатысты. Іс-шара барысында 53 380 аула (2 801 көппәтерлі тұрғын үй, 50 579 жеке тұрғын үй) жиналып, 1 470 әлеуметтік нысанда тазалық жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ 284 саябақ пен сквер ретке келтірілді. Елді мекендер аумағында 328 672 ағаш және 6 415 бұтақтар отырғызылды. Жалпы қоқыстан 206 су объектілерінің жағалары (өзендер, көлдер, бұлақтар), 42 жасанды су айдындары, 85 297 метр арықтар тазартылды. Акция аясында белгілі тарихи тұлғаларға арналған 257 ескерткіштің айналасындағы аумақтар қамтылды. Аумақтарды жинау үшін 3 805 бірлік техника тартылып, қатты тұрмыстық қалдық полигондарына 42 504 тонна қалдық шығарылды.

 

М.ТАБЫН
14.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.12.2024 60
АУДАНДА БАСПАНА МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 04.12.2024 48
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 137
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 121
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 533
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 502
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 523
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 520
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 514
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 530
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 518

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9766
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9139
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12375
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10142
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11352