«Таза Қазақстан» акциясы: Үлгілі ауылдардың тазалық эстафетасы жалғасуда

«Таза Қазақстан» акциясы: Үлгілі ауылдардың тазалық эстафетасы жалғасуда

Ел Президентінің бастамасымен қолға алынған ауқымды «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ауылдық елді мекендер арасындағы тазалық эстафетасы қарқынды жалғасып келеді. Өткен сенбіде Жақсылық ауылының тұрғындары тазалық жұмыстарын ұйымдастырып, осы игі бастаманы қолдау мақсатында республика бойынша "Үлгілі ауыл" атағын иеленген Абай ауылдық округінің тұрғындарына челлендж жолдаған болатын.

Бүгін, Абай ауылдық округінің тұрғындары былай қарап қалмай, осы үлгілі челленджді зор ынтамен қабылдап, өз ауылдарында жаппай сенбілік өткізді.

"Тазалық – денсаулық кепілі, біздің ортақ үйіміздің айнасы. Жақсылық ауылының бастамасы біз үшін үлкен жігер болды. Бүгінгі сенбілікке ауылдың барлық буыны белсене қатысты, бұл – бірлігіміздің көрінісі," – деді шараға қатысушылардың бірі.

Бұл ауқымды тазалық шарасына ауыл тұрғындары, ақсақалдар мен ардагерлер, ауылдық әкімдік қызметкерлері, ерікті жастар және мектеп ұжымы бірауыздан белсене атсалысты. Жұмысқа тартылған әр топ өздеріне бекітілген аумақтарда – көшелерде, саябақтарда, әлеуметтік нысандардың айналасында және қоғамдық орындарда – тазалау, қоқыс жинау, ағаш түптерін әктеу сияқты жұмыстарды тиянақты жүргізді.

Сенбілік тек аумақты тазалаумен ғана шектелмей, ауылдық қауымдастықтың ұйымшылдығын және азаматтық жауапкершілігін арттыруға зор ықпал етті.

Өз кезегінде, сенбілік жұмыстары аяқталған соң, Абай ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ерғали Өтепбаев бастапқыда Жақсылық ауылынан келген эстафеталық челленджді ары қарай жалғастырды.

Ол тазалық пен тәртіпті дәріптейтін бұл игі бастаманы осы өңірдегі көршілес Жаңатұрмыс ауылының тұрғындарына салтанатты түрде жолдады. Бұл үлгілі ауылдар арасындағы тазалық жарысы өзге елді мекендер үшін де оң үлгі көрсетіп, елді мекендерді тазарту ісіне серпін беретіні сөзсіз.

 

28.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 590
Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 774
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 759

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19519
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19337
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34463
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33019
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36841