Еліміздегі экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы басталған болатын.
Игі бастамаға аудан әкімінен бастап, Сарысу ауданының тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері ерекше қолдау білдіріп, Жастары бір ауыздан бірігін жұмыстарды белсенді атқаруда. Осының айқын дәлелі бүгінгі «Таза Қазақстан» акциясы аясында ашылған Жаңатас қаласына кіре берісіндегі «Таза Қазақстан» саябағы. Саябақтың ашылуына аудан әкімі Сәкен Мамытов бүгінгі күннің маңыздылығын атап өтті. Содан соң, саябақтың аумағы толық абаттандырылып, күл-қоқыстардан тазартылды. Атап өтер жәйт «Өнегелі ұрпақ» апталығы жаңа саябаққа облысымыздың 85 жылдығы аясында 85 шырша, Жаңатастың 55 жылдығына 55 тал көшеттері отырғызылып, қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады. Жалпы, тек акция аясында ғана емес аудан көлеміндегі көркейту-көгалдандыру және санитарлық-тазалық сенбіліктері барлық елді мекендерде көктемнің алғашқы күні 1 наурыздан бастау алып, тұрақты түрде жүруде.