«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАҒАНДАРҒА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙЕ ТҮСТІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАҒАНДАРҒА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙЕ ТҮСТІ
Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» бағдарламасын ұйымдастыру бойынша аудан, қала әкімдерінің рейтингі әзірленді. Әкімдердің жұмысын бағалау барысында ауданда ұйымдастырылған сенбіліктің тұрғындардың қатысуы, сенбілікке тартылған техника саны, Полиция департаменті тарапынан құқық бұзушылықтарды анықтау, «Birge – taza Qazaqstan!» ақпараттық жүйесіне түскен өтінімдер бойынша кері байланыс орнату, тұрғын үйлердің және кәсіпкерлік нысандарының іргелес аумақтарының тазалығына мониторинг жүргізу сияқты критерийлер басшылыққа алынды. Бағдарламаны ұйымдастыру бойынша аудан, қала әкімдерінің рейтингісі туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов аппарат жиынында баяндады.
Оның айтуынша, Түркістан қаласы және Бәйдібек, Мақтаарал, Жетісай, аудандарының бағдарламаны ұйымдастыру көрсеткіштері жоғары деңгейді көрсетсе, Сарыағаш, Шардара, Түлкібас аудандары және Арыс, Кентау қалалары орта деңгейдегі көрсеткіштерге қол жеткізді. Ал, аудандарда жұмыс төмен.
Аймақ басшысы қоқыс үйінділері жиі пайда болатын аумақтарға жергілікті полиция күштерін тарта отырып, рейдтік жұмыстарын жүргізуді, қоқыс тастамау жөнінде белгілер орнатуды және үгіт-насихат жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Бүгінгі таңда «Taza Qazaqstan» телеграмм бот платформасына 543 өтінім түскен. Оның ішінде, 526 өтінім орындалды, 1 өтінім – орындалу барысында, 16 өтінім мағынасыз болғандықтан, қайтарылған.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жұмыстар облыс көлемінде күнделікті өткізілуде. Нақтырақ атқанда, қазіргі таңда облыста жалпы 712 ауқымды сенбілік өткізілді. Аудан мен қалаларға кіреберіс аумақтарын реттеу, тазалау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар биыл қоғамдық орындарда заң талаптарын бұзған тұлғаларға 26 мыңға жуық хаттама толтырылып 305,7 млн теңгеге айыппұл салынды. Абаттандыру қағидасына сәйкес іргелес жатқан аумақтың тазалығы бойынша 60 902 жеке тұрғын үй мен 29 954 кәсіпкерлік объектісіне мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде, 1 381 ескерту беріліп және 647 айыппұл салынды. Қағиданың сапалы орындау бағытындағы жұмыстар күнделікті жүргізілуде.
Бұдан бөлек, көппәтерлі 120 тұрғын үйдің сыртқы келбеттерін ретке келтіріліп жаиыр. Оның ішінде, 81 тұрғын үйдің сыртқы келбеті ретке келтірілді. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін толық аяқталады.
Қазіргі уақытта елді мекендерді көгалдандыру бойынша 467 535 түп ағаш отырғызылатын орындар белгіленіп, тиісті жұмыс жүргізілуде.
Жауапты басқарма қызметкерлері Сарыағаш және Келес аудандарын қарасты елді мекендердің санитарлық тазалығының жай-күйіне мониторинг жұмыстарын жүргізді. Анықталған кемшіліктерді ретке келтіру жұмыстары атқарылды.
Жалпы тазалық жұмыстарының тұрақты жүргізілуі, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарының барысы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының жіті бақылауына алынған.
Айта кетейік, қазан айындағы көрсеткіштер бойынша бағдарламаны ұйымдастыруда Түркістан облысы елімізде ең үздік деп танылды.
Жиында Зұлпыхар Жолдасов жылыту маусымының барысы туралы баяндады. Бюджеттік мекемелер, тұрғын үйлер мен жылыжайларды қоса есептегенде өңірде жылыту маусымына қажетті көмір көлемі 684,1 мың тоннаны құрап отыр. Қазіргі уақытта 434,1 мың тонна көмір жеткізілген. Аймақтағы әлеуметтік маңызы бар нысандар: білім, денсаулық, мәдениет және спорт мекемелері көмірмен толық қамтамасыз етілген.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
11.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 19
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 564
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 679
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 591
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 602

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8736
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8138
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11367
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9120
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10351