«Таза Қазақстан»: Жамбыл облысында 86 600 ағаш отырғызылды

«Таза Қазақстан»: Жамбыл облысында 86 600 ағаш отырғызылды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Жиында «Таза Қазақстан» республикалық акциясының іске асырылу барысы мен шекара маңындағы ауылдық елді мекендерді дамыту шаралары қаралды.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ғалым Исақовтың хабарлауынша, өңірде «Таза Қазақстан» акциясын тұрақты түрде жалғастыру үшін арнайы іс-шаралар жоспары бекітілген.

«Таза Қазақстан» республикалық акциясына бүгінге дейін 331 мыңнан астам жамбылдық қатысқан. Оның ішінде, өңір тұрғындары, ардагерлер, жастар, ҮЕҰ мен этнос өкілдері бар.

Бүгінгі күнге дейін 196,1 мың м² автокөлік кәсіпорындарының, 156,3 мың м² энергетикалық кешендер, 75,1 мың м² емдеу, 355,5 мың м² оқу орталықтарының, 164,6 мың м² орта және шағын кәсіпорындарының аумағы тазартылды. 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ пен сквер аумағына абаттандыру жұмыстары жүргізілді. 816,6 шқ канал мен арық жүйелері, қоғамдық орындардағы 238 дана орындық пен қоқыс жәшігі, 45,6 мың м² тұрғын үй ауласы тазаланды.

2 354 ағаш бұталанып, 107,7 мың м² жасыл желектер суғарылды. 86 600 ағаш отырғызылып, 700 м² көпжылдық және 3,3 мың біржылдық гүл егілді. 11,6 мың тонна тұрмыстық қалдық, 3,8 мың тонна кездейсоқ күл-қоқыс шығарылды. Бұл жұмыстарға 892 бірлік техника жұмылдырылды.

Дегенмен, Тараз қаласы мен аудандардың санитарлық тазалық жұмыстарына зерделеу жүргізу барысында басқарма бірқатар кемшіліктерді анықтаған.

Мәселен, қоқыс алаңшаларының уақытылы тазаланбауы, белгіленбеген жерлерде қоқыстардың шашылып жатуы, шөптердің орылмауы, қураған ағаштардың кесілмеуі және жарық шамдарының ауыстырылмауы, аялдамалар мен тұрғын үйлердің қасбеттерінің ретке келтірілмеуі орын алған.

- Ауыл әкімдері кабинетте отырмауы қажет. Елді мекендерді жиі аралап, тұрғындардың жағдайымен танысуы тиіс. Ескерту я болмаса зерделеу тобын күтпей, нақты шаралар қабылдаған жөн.

Табиғатты аялап, қоршаған ортаны қорғау – ортақ міндетіміз. Бұл орайда халықтың экологиялық мәдениетін арттыру маңызды, – деді Ербол Қарашөкеев.

Аймақ басшысы Тараз қаласы мен Байзақ, Сарысу, Талас, Т.Рысқұлов ауданы әкімдерінің есебін тыңдап, аталған кемшіліктерді жедел түрде жоюды тапсырды.

Бұдан бөлек, Жаңатас қаласындағы саябақ, аллеялар мен спорт алаңшаларының жағдайына назар аударды.

Ербол Қарашөкеев басқарма басшысына екі аптада бір рет Тараз қаласы мен аудан аумағына мониторинг жүргізуді тапсырды. Бұл мәселені жеке бақылауында ұстайтынын жеткізді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселеде шекара маңындағы ауылдық елді мекендерді дамыту шаралары қаралып, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы баяндама жасады.

Облыс әкімі шекара маңындағы ауылдардың тұрақты дамуын және өмір сүру сапасын арттыруды қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспары әзірленіп, аталған мәселе жеке қаралатынын атап өтті.

Жиын қорытындысы бойынша жауаптыларға нақты міндеттер мен тапсырмалардың мерзімінде орындалуын қамтамасыз ету жүктелді.

Жамбыл облысы әкімдігі
26.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 106
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 105
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 624
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 742
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 654
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 664

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8797
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8198
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11425
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9179
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10411