”TIFLO-АСХАНА” ЖОБАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

”TIFLO-АСХАНА” ЖОБАСЫ ӨТКІЗІЛДІ
 0
🔷Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы көру қабілеті әлсіз жандарды асханада жүріп өздігінен тағам әзірлеуге бейімдеуге, түрлі көкөністер мен азық-түлік таңдауда кеңес беруге және оларды қоғамдық ортаға тарту мақсатында «Tiflo-асхана» жобасын өткізді.
🔷Аталған жобаға «Қазақ соқырлар қоғамының» мүшесі Тұрмахан Алия Оңласынқызы мен қызы Тұрмахан Адия қатысып, ұлыстың ұлы күнінде дастарханның сәнін келтірер, 7 түрлі дән мен ақтан дайындалатын «Наурыз көже» әзірледі.
🔷Тамақ әзірлеу барысында жоба қонақтары наурыз көженің пісіру жолдарын, оның жасалу әдісі мен ерекшеліктерін атап өтті. Сондай-ақ, ұлыстың ұлы күні «Наурыз» мерекесінде қазақтың ұлттық көжесін жыл сайын дайындап, отбасымен атап өтетінін айтты.
🔷Іс-шара соңында жоба жетекшісі Сағымбаева Әлия Бақытқызы қатысушыларға ізгі тілегін білдіріп, оқырмандарға алдағы уақытта бұл жоба жалғасын табатынын жеткізді.
Жамбыл_мәдениет_ақпарат
01.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5344
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5501
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20471
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19100
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22560