Тіл күрескері Руза Бейсенбайтегі автобус валидаторларын қазақша сөйлетті

Тіл күрескері Руза Бейсенбайтегі автобус валидаторларын қазақша сөйлетті

Тіл күрескері Руза Бейсенбайтегі Павлодар қаласындағы қоғамдық көліктердегі валидаторлардың қазақ тілінде сөйлеуіне қол жеткізді. Бұған дейін белсенді әлеуметтік желіде даулы пост жариялап, әкімдіктегі қабылдаудан видеолар таратқан болатын. - Дәл қазір әкімдіктемін, 2 жыл бұрын көзбояушылық пен көлік тасымалы келісім шарттарына тілдік қызмет қосымша жасауға "көмектескен" обл.әкімі орынбасары А. Курмановада.. Әкімдіктен кетпеймін деп отырмын, полициямен лақтырып тастамағанша... Соңғы жиын, қалалық әкімдікте 2022 ж. тамызында өткен, қазақ тілін қоямыз деген... - деп жазды тіл жанашыры. 

Ал, кеше Руза Бейсенбайтегі осы ұзақ уақытқа созылған күрестің нәтижесінде қала басшылығы ақыры қоғамдық көліктердегі валидаторларды қазақша сөйлететінін жеткізді. - Жеңіс! Бұған себепкерлер, бірнеше жыл жерден алып, жерге салып отырған, бұрынғы ТҮКШ басшысы, қазіргі қала әкімі орынбасары А.Калиакпаров (солай болмас еді, басында істегенде), және "Автобус Смарт пв" директоры Талғат, ал бұл кісі табанда реакция жасады.Тағы айтарым, бұл компания жарты Қазақстанда бар екен. Сондықтан қазақтар, сол қалаларда тұратын, алға, барша қазаққа рух беруге!!! - деп жазды ол. Атап өту керек, белгілі Тіл күрескері Руза Бейсенбайтегі осы мәселеге белгілі қоғам қайраткері, Мәжілістің 7-ші шақырылымының депутаты Қазыбек Исаның қолдауына ризашылығын білдірді.- Мәжіліс депутаты, ұлтшыл Қазыбек Иса бауырым осы жеңіске жетуім үшін көп көмек көрсетті. Оның батылдығының арқасында жергілікті полицияның маған тісі батпады. Маған үлкен психологиялық қысым жасалғанда, жалғыз қалдырмай, тіл үшін желеп-жебегеніне алғыс білдіремін, - деді Р. Бейсенбайтегі. 

Азамат Тасқараұлы, Қазақ үні
29.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕ
Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 20.03.2023 33
СУ ҮНЕМДЕУ
Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 20.03.2023 62
СҮТ ӨНДІРІСІ АРТАДЫ
Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 20.03.2023 60
АҚПАРАТ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Дархан МЫҢБАЙ, Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің төрағасының ФБ парақшасынан - 18.03.2023 172

Топ жаңалықтар

1
Сайлаудың алдын ала қорытындысы
Show more
Рауан МУТАИР - 2023-03-20 88
2
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс берді
Show more
Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ - 2023-03-19 164
3
Онлайн марафон дәстүрге айналып келеді
Show more
Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ - 2023-03-19 161
4
Алда еліміздің болашағы үшін ең бір маңызды іс - сайлау!
Show more
Аятжан Ахметжанұлының ФБ парақшасынан - 2023-03-18 173
5
АҚПАРАТ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Show more
Дархан МЫҢБАЙ, Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің төрағасының ФБ парақшасынан - 2023-03-18 172