ТІЛДЕР КҮНІ МЕРЕКЕЛЕНДІ

ТІЛДЕР КҮНІ   МЕРЕКЕЛЕНДІ

Елімізде түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері ынтымақта өмір сүріп жатыр. Әр этностың тілі, салт-дәстүрлері құрметтеледі. Оларды дәріптеу мақсатында іс-шаралар өткізіліп тұрады. Түркістан облысында да осындай жұмыстар дәстүрлі түрде жалғасып келеді.

Таяуда Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» Тілдерді оқыту және дамыту орталығы мен облыстық қоғамдық даму басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» мекемесінің бірлесе ұйымдастыруымен «Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры» атты мерекелік іс-шара өтті. Ол Қазақстан халқының тілдері күніне арналды. Салтанатты жиын бейнеролик көрсетумен және «Самғау» би ансамблінің өнерімен басталды. Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы құттықтау сөз сөйлеп, қала әкімінің Алғыс хаттарын табыстады. Мерекеге айтыскер ақын, «Алтын домбыра» иегері, «Құрмет» орденінің иегері Бекарыс Шойбеков және «Қоғамдық келісім» КММ-і басшысының орынбасары Ерназар Баетов қатысып, өз тілектерін білдірді. ҚХА Түркістан облыстық өзбек этномәдени бірлестігі Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Зуппархан Чалданов сөз сөйледі. Этнос жастары қазақ тілін ардақтап, өлең оқыды. Түрлі ұлт өкілдерінің бірге өткізген басқосуы көпэтносты еліміздің бірлігін, татулығын айшықтай түсті.

Мерекелік кеште ұлттық өнеріміз ұлықталды. Өнерпаздардың ән мен күйі көрерменнің көңілін көтеріп, рухын асқақтатты. Жас өнерпаздардың орындауындағы патриоттық әндер де жұртшылыққа ой салып, олардың Отанымызға деген сүйіспеншілігін арттыра түсті.

 

10.09.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 17673
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 17517
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 32701
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31275
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 34945