ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА АСТЫҚ ОРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА АСТЫҚ  ОРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
Төлеби ауданында егін ору жұмыстары басталды. Биыл ауданда 22302 гектар аумаққа астық дақылдары егілді. Одан 50 мың тоннаға жуық астық жинау жоспарланып отыр. Қазіргі таңда оның 2177 гектары орылып, түсімділігі 22 ц/га айналып, 4789,4 тонна өнім жиналды.
Аудан әкімі Төлеген Телғараев Бірінші Мамыр ауылдық округінде орналасқан «Ақбұлақ» ӨК -нің егіс алқабына арнайы барып, шаруалардың жұмысымен танысты.
Өндіріс кооператив төрағасымен тілдесіп, егін-жайдың мәселесін сөз етіп, адам баласы еңбек етсе ғана табысты болатынын тілге тиек етті. Кооператив меншігіндегі техникалардың жай-күйіне көңіл бөліп, егіс алқабында бидай орымының куәсі болды.
Айта кетейік, осы жылы ауданда 14957 гектарға бидай егіліп, «Стекловидная – 24», «Интенсивная», «Памят – 47» және «КРВ – 210» сортынан жалпы 34401,1 тонна өнім жинау жоспарлануда. Сондай-ақ 7240 гектар аумаққа арпа дәні себіліп, қазіргі таңда 4558 тонна өнім жиналды. Арпа толық орылып болған кезде түсімділігі 15204 тонна өнім болады деп күтілуде. Аудан шаруалары мақсары егуден облыста үздік атанған. Бүгінде 10796 гектардан 14142,8 тонна өнім алу жоспарлануда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
25.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

28 мың орындық  мектеп салынады
Ш. МЕКЕНБАЙ, Шымкент қаласы - 04.09.2024 247
Жолдауға шынайы қолдау керек
Шолпан ҒАББАСОВА, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласы - 04.09.2024 319
Конституция күні аталып өтті
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 04.09.2024 272
Жаңа қонысқа ие болды
Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО Орал қаласы - 04.09.2024 307

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 4134
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 3563
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 5780
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 4537
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 5722