ТӨЛЕБИДЕ ЭКОТУРИЗМ ДАМИДЫ

ТӨЛЕБИДЕ ЭКОТУРИЗМ ДАМИДЫ
✔️Түркістан облысында экотуризм қарқынды дамып келеді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров туризм саласын дамытуды тапсырған болатын. Осыған орай, Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі өкілдерімен кездесіп, әріптестік қарым-қатынас орнату бағытында жұмыс істеу жолдарын қарастырды.
✔️Ұлттық парктың аумағы әртүрлі кіру режимдері бар үш аймаққа бөлінген: қорық режимі (кіру жабық), туристік және рекреациялық. Ұлттық парктің аумағында Сайрам шыңы бар, ол теңіз деңгейінен 4236 м биіктікте орналасқан. Сонымен қатар Қырық қыз жартастары, Мақпал көлі теңіз деңгейінен 2100 м биіктікте орналасқан, Сусіңген биік таулы көлі (теңіз деңгейінен 1700 м) бар және Грейг қызғалдақтары өседі.
✔️Сайрам-Өгем МҰТП аумағында өсімдіктердің 1635 түрі бар. Оның ішінде Қызыл кітапқа енген 62 түрі кездеседі.
✔️Кездесу барысында парк аумағының рекреациялық аймақтарда туризм саласын дамыту жолдары талқыланды. Мекеме басшысы парктың 17 519 гектар жер телімі рекреациялық және туристік қызмет аймағы болып саналатынын, және бұл аумақта келушілерге арнап 11 туристік соқпақ ұйымдастырылғанын айтты. Қазіргі таңда парк аумағындағы жалпы ауданы 343,2 гектарды құрайтын 29 жер телімі туристік және рекреациялық мақсатта пайдалануға берілген.
✅ Сондай-ақ, рекреациялық аймақтарда демалыс нысандарын көбейту, экотуризмді дамыту мақсатында инфрақұрылым жүргізіліп, жол салынуы қажеттігі айтылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
04.02.2025

Ұқсас жаңалықтар

Негізгі миссия - Заң және тәртіп
Бас прокуратураның баспасөз қызметі - 24.02.2025 186
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САЛЫНАТЫН ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНЫҢ СӘУЛЕТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.02.2025 127
ТӨЛЕБИДЕ ЭКОТУРИЗМ ДАМИДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.02.2025 71
ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.02.2025 134
БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖОЛДАРДЫ ҚАРДАН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.02.2025 70

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 14396
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 13189
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 16468
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 15354
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 20408