Трамп пен Сидың кездесуі нәтижесіз аяқталса не болмақ?

Трамп пен Сидың кездесуі нәтижесіз аяқталса не болмақ?

Соңғы күндердегі басты жаңалықтың бір парасы Трамп пен Си Циньпинның кездесуі төңірегінде өрбіп жатыр. Ал, қазірше 26-28 қазан аралығына Малайзияның Куала-Лумпур қаласында өткен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығының (ASEAN Summit) 47-ші саммитінен жағымды жаңалықтар байқалады. Оларды қортындылай қарасақ, алдағы уақытта АҚШ пен Қытай арасындағы «Сауда соғысы» саябырлайтын түрі бар. 

Бұған дейін АҚШ пен Қытай шенеуніктері жексенбі күні екі тарап Куала-Лумпурдағы ASEAN саммиті аясында демалыс күндері келіссөздер жүргізіп, тартысты мәселелер төңірегінде келісімге келу жолында айтарлықтай ілгерілеушілікке қол жеткізгенін мәлімдеді. АҚШ қаржы министрі Скотт Бессант Куала-Лумпурда тілшілерге екі тараптың Оңтүстік Кореядағы өтетін келіссөздерге арналған «негіздеме» туралы келіскенін айтты. Кейінірек Бессант NBC News арнасына берген сұхбатында екі тараптың Қытайдың сирек кездесетін металдар экспортын бақылау қаупін кейінге қалдыру және Трамптың Қытай тауарларына 100% тариф салу қаупін болдырмау туралы келісімге келеді деп күтетінін жеткізген еді. Бессанц сонымен қатар ABC News арнасына Бейжіңнің АҚШ ауылшаруашылық өнімдерін көптеп сатып алуға келіскенін де айтып өтті. Ал, Қытайдың вице-премьері және сауда келіссөздерін жүргізуге жауапты басшысы Хе Лифенг екі тарап «тиісті мәселелерді шешу бойынша келісімдер» мен «негізгі келісімге» келгенін айтты.

Қытай Сауда министрлігінің хабарламасына АҚШ-Қытай делегаттарының алда өтуі тиіс маңызды келіссөздерде талқыға түсетін маңызды тақырыптар жөнінде белгілі деңгейде келісімдерге қол жеткізгендірін білдірген. Осы жаңалықтардан кейін дүйсенбіде Азия қор нарықтарында қайтадан өрлеу байқала бастады. Сарапшылардың пікірлеріне құлақ түрсек, әлемдегі ең ірі екі экономика арасындағы сауда қақтығысы жаһан жұртын алаңдатып, әлемдік экономика үшін белгісіздік тудырып отыр. Сондықтан, АҚШ-Қытай басшыларының келіссөздері сәтсіз аяқталар болса бұл дүниежүзі экономикасының нашарлауына әкеліп соғуы мүмкін. 

Қазір сыртқы әлем Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысындағы шиеленістің күшеюін екі президенттің кездесуі арқылы реттеуге бола ма, жоқ па деген тақырыптарды мұқият бақылап отыр. Дегенмен екі басшының бетпе-бет кездесуі кезінде тек қана экономикалық тақырыптар талқыға түспейтіні айтылуда. Өйткені шешуге тиісті өзекті мәселелердің қатарында сауда және тариф дағдарысын шешумен қатар технологиялар мен сирек жер элементтері жөнінде күрделі мәселелерді талқылауы мүмкін. Бұдан бөлек Тайваньның қауіпсіздік мәселелсі де талқыға түсуі мүмкін. Өйткені құрлықтық Қытайдың жойғыш ұшақтары әскери жаттығулар кезінде Тайвань аумағына кіруін жиілеткені белгілі. Жалпы әлемдік саясатты жіті бақылап отыратын саясаттанушылардың біраз жылдан бері айтып келе жатқан болжамы бар. Оларға сенсек алдағы уақытта Азияның шығысында әскери қақтығыстар өршитін болмақ. Мұндағы шиеленістің өзегі Қытайдың Тайваньды қарулы күшпен басып алу қаупі екені ашық айтылып келеді. Бұдан бөлек жаһандық қауіпсіздік мәселелері де талқыға түсуі мүмкін. Себебі орыс-украин қақтығыстарының асқынуы, жауласқан тараптардың бір-біріне қарата ядролық қару қолдану қауіпі туралы айтыла бастады. Одан бөлек «Қытай Ресейге жасырын түрде көмек беріп отыр» деген қауесеттің шыққанына да 3 жылдан асып бара жатқаны белгілі...

Енді мәселенің екінші жағына көз жүгіртіп көрейік. Егерде 30 қазанға жоспарланып отырған Трамп-Си кездесуінде келіссөздер нәтижесіз аяқталар болса не болмақ? Баршаңызға белгілі, екі алпауыт елдің басшыларының арасындағы дипломатиялық қимылдар, әрбір диалогтар, алдын ала жасалып жатқан келісімдер мен делегаттардың кездесулері нарыққа, валюта бағамы мен  қор индекстері мен тауарлар бағаларына әсер етіп жатыр.

Егер кездесу оң шешімдермен аяқталса, тарифтер мен экспорттық шектеулер шиеленісі бәсеңдейді. Бұл әлемдік жеткізу тізбектері мен нарықтардың тыныштығын қалпына келтіреді. Ал екі жақ бір байламға келе алмаса ең алдымен нарықтағы жағдай жағдай ушыға түсетін болады. Келесі тақырып- Қытайтың технология және сирек жер ресурстарына қатысты. Бұл мәселелер де Вашингтон үшін бас ауру болып отыр. Келіссөз барысында осы төңіректегі шектеулерді жеңілдету, ТикТок секілді технологиялық мәселелер бойынша мәміле жасау немесе америкалық қауіпсіздік талаптарына сәйкес жасалған конструкция ұсыну мүмкіндігі талқылануы тиіс. Сарапшылардың айтуынша бұл қадамдар өндірістік тізбектердің тұрақтылығын сақтауға ықпал ететін көрінеді. 

Тайвань мәселесі ұзақ жылдардан бері АҚШ-Қытай арасындағы қауіпсіздік тақырыбы ретінде дипломатиялық қатынастарға елеулі ықпал етіп келе жатқан тақырып. Сондықтан бұл мәселеде келісімге келу немесе жабулы қазан жабулы күйінде қалу жағы тұтас жаһандық қауіпсіздікке әсер ететін толғақты түйін екендігін естен шығармаған жөн. 

Жаһандық қауіпсіздік тақырыбында АҚШ тарапы Қытайды Ресейге қолдау көрсетіп отыр деп айпытап келе жатыр. Сондықтан кездесуде Трамптың Қытайдың Ресей мұнайын сатып алуы сияқты сұрақтарды көтеруі ықтимал. Бұл аспект геосаяси теңгерімге әсер етеді: Қытай-Ресей қарым-қатынасының аясында Вашингтон қандай сауда және саяси міндеттемелерге ықпал ете алатынын анықтайтын болады.

Сондықтан 30 қазандағы кездесуде жоғарыда аталған негізгі тақырыптар төңірегінде оңтайлы шешімдер шығуы да ғажап емес. Яғни сауда рамкасы жасалып, тарифтерге уақытша мораторий немесе кезеңдік жеңілдіктер жарияланатын болса таң қалмаймыз. Егер келісөздер сәтті аяқталып жатса жаһандық нарықта толқу бәсеңдеп тыныштық орнайтын болады. Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысы саябырлап, экономикалық өсім байқалатын болмақ. Дегенмен кейбір сарапшылар бұл кездесуде аталған тақырыптардың барлығы шешіле қоймайды деп күдіктеніп отыр. Олардың сөзін есенсек тараптар кейбір салаларда ғана келісімге келеді,  жеңілдіктер, талапты бақылау секілді негізгі шиеленістер сақталады дейді. Ал барлығы сәтсіз аяқталып, Трамптың айтып отырған жоғары тарифтері күшіне енер болса экспорттық шектеулер күшейетін болады.  Оның салдарынан жаһандық экономикада тұрақсыздық туылып, жеткізу тізбектерінде үзілістер болып, нарықтарда құбылмалылық  пайда болады. Бұл ең алдымен    сауда мен технологиялар саласында; жанама түрде валюталар, акциялар, энергетика және шикізат нарықтарына әсер етеді.  

PS: Екі басшының 30 қазандағы кездесуі тек екі супердержаваның ресми диалогы ғана емес, жаһандық экономика мен геосаяси тепе-теңдікке ықпал ететін маңызды қадам болғалы тұр. Оның нәтижелері нарықтар мен мемлекеттердің нақты стратегияларына жылдам әсер етуі мүмкін. Сондықтан кездесудің барысы мен оның ресми мәлімдемелері халықаралық қауымдастық пен бизнес үшін шешуші индикатор болады.

Ерқазы Сейтқали

 

 

 

28.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 590
Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 775
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 759

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19519
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19337
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34463
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33019
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36841