Т.РЫСҚҰЛОВТА 34 АУЫЛ КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТЫЛҒАН

Т.РЫСҚҰЛОВТА 34 АУЫЛ КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТЫЛҒАН
 0
Т.Рысқұлов ауданындағы 42 елді мекеннің 30-ы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Ауыз су жүйесі ескірген 9 елді мекеннің 3-еуінде 2020 жылы жаңа құрылыс басталып, былтыр пайдалануға берілген. Тағы ауыз су жүйесі ескірген 6 елді мекеннің 1-еуінде жаңа құрылыс және ауыз су жүйесі жоқ 2 ауылда құрылыс басталды. Жыл соңында аяқталады.
✅Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында аудан әкімі Ерболат Садырқұлов мәлімдеді. Ол халық саны тиісті нормадан аз 6 ауылға ауыз су жүйесін салу экономикалық тұрғыдан тиімсіз екенін жеткізді. Сондықтан ол ауылдарға кешенді блокты модульдік қондырғы орнатылады.
©️©️©️
«Аудандағы 42 елді мекеннің 24-іне газ тартылған. Былтыр газ кірмеген 10 ауылға газ тарту жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде ауданның 34 елді мекені газбен қамтылды. 1 ауылдың жобасы мемлекеттік сараптамадан өтіп, бюджеттен қаржы қарастыруға өтінім жолданды. Ауылдардың тұрмыстық қалдықтарын шығаруға 14 полигон белгіленген. 2019-2020 жылдары 14-і толық қоршалып, қалыпқа келтірілген. Облыстық мәндегі 3 жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, 2022 жылға өтпелі», — деді спикер.
🔴Ерболат Салқынбекұлы ауылдарда 352 көше бар екенін, 230-ы немесе 65,3% жарықтандырылғанын айтты.
 
Өңірлік коммуникациялар қызметі
27.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5202
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5360
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20325
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18961
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22425