ТҮЛКІБАСТА 50 МЫҢ ФОРЕЛЬ ШАБАҒЫ ЖАСАНДЫ ТОҒАНҒА ЖІБЕРІЛДІ

 ТҮЛКІБАСТА 50 МЫҢ ФОРЕЛЬ ШАБАҒЫ ЖАСАНДЫ ТОҒАНҒА ЖІБЕРІЛДІ
✔️Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, балық шаруашылығын дамыту жүйелі жолға қойылып, тиісті жұмыстардың нәтижесінде жергілікті кәсіпкерлер тарапынан аталған кәсіпті дамытуға қызығушылық артып келеді.
✔️Соның бірі, Түлкібас ауданына қарасты Ақбиік ауылдық округіндегі Төлепберген Бауыржан есімді азамат осыдан 1 жыл бұрын өз жеріне 6 жасанды тоған дайындап, оған 30 мың дана форель балығының шабақтарын жіберген болатын.
✔️Бүгінгі таңда сол жіберген шабақтарынан 7 тонна өнім алып, жол бойындағы дүнгіршекте және көл басында сатып, кәсібінің жемісін көруде.
✔️Бүгін аталған шаруашылыққа аудан басшысы Асқар Естібаев арнайы барып, жұмысымен танысып, көлге балық шабақтарын жіберу жұмыстарын бақылады.
✔️Ол жерде Шымкент қаласынан алынған форель балығының 50 мың дана шабағы жасанды тоғанға жіберілді.
✔️Кәсіпкер аудан әкіміне мұнымен тоқтап қалмай алдағы уақытта жол бойына балық тағамдарын жолаушыларға ұсынатын асхана салуды жоспарлап отырғанын атап өтті.
✔️Аудан басшысы жас кәсіпкердің ісіне сәттілік тілеп, балық шаруашылығын дамыту бағытындағы жоспарын қолдайтындығын жеткізді.
✔️Сонымен қоса Асқар Сұлтанұлы Керейт елді мекеніндегі балықтың форель және бекіре түрлерін өсірумен айналысатын «GRAND FISH COMPANY» ЖШС-не арнайы барып, жұмысымен танысты.
✔️Бүгінде аталған серіктестік Шымкент қаласындағы мейрамханаларға өз өнімін өткізіп келеді.
✔️Жалпы серіктестікте балық шаруашылығанан бөлек демалыс аймағы бар. Ол жерде 30 адамға шақталған қонақүй мен 1 мың адам сиятын жазғы демалыс бассейіні халыққа қызмет етеді.
✔️2012 жылы жұмысын бастаған нысанда қазіргі таңда 9 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
22.02.2025

Ұқсас жаңалықтар

ЖЕМҚОРларМЕН КҮРЕС – ОТАНҒА ҮЛЕС
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 286
ЖАС САРБАЗДАР САҚАДАЙ САЙ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 282
ШЫҒЫСТАҒЫ  ШЫРАЙЛЫ ЖҮЗДЕСУЛЕР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 28.05.2025 296

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13358
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13334
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 28448
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27132
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 30634