ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРДЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРДЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Осы аптада аудандық мәслихаттың аумақтық әлеуметтік дамуы, білім, мәдениет, тілдерді дамыту, халықтың денсаулығын сақтау, адам құқықтарын қорғау, халықтың аз қамтамасыз етілген бөлігін мүгедектерді қорғау, жастар, отбасы және әйелдер ісі мәселелері және аумақтың экономикалық дамуы, бюджет және жергілікті салықтар, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік салаларындамыту, аумақтыққұрылысучаскесін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау, қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Комиссия отырысына аудандық мәслихаттың төрағасы Нұртас Саурықов, аудан әкімінің міндетін атқарушы Ержан Әмірханов, аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау, жер қатынастары бөлімдерінің басшылары Еркін Кеншімов, Эльдар Кокушев, аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Талғат Үсенбаев, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің басшысы Құралай Ізбасарова, ішкі саясат бөлімінің бас маманы Айым Төребек, Мойынқұм ауылдық округінің әкімі Рүстем Тұрарқұл, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Шахикерім Исабеков, аудандық электр тарату жүйесі мекемесінің бас инженері Серік Оспанов және БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібіне «Мойынқұм ауданының электр жүйесі және көше жарықтары туралы» мәселе ұсынылды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша ауылдық округ әкімі Рүстем Тұрарқұл хабарлама жасады. Оның айтуынша, ауылда көше жарықтары бойынша үлкен мәселе туындап отырған көрінеді. Ауылдағы 49 көшенің 47-сінде көше жарықтары жанбайды. Бұл электр жарығы орнатылған ескі бағаналарды ауыстырғаннан кейін орын алып отыр. Электр жүйесіндегі мамандар көше жарықтарына тоқты бөлек трансформатормен беру керек дейді. Қолданыстағы трансформаторлардың мемлекеттік актісі, техникалық паспорты жоқ. Заңсыз тұр. Кейіннен қойылған 4 трансформатор аудандық электр тарату жүйесі мекемесінің есебінде, ал қалғандары ауада тұр. 2025 жылы Мойынқұм ауылы бойынша 12 көшеге (Абылайхан, Т.Әубәкіров, Б.Шолақ, Ә.Молдағұлова, П.Похаленко, Қ.Рысқұлбеков, Лесхозная, С.Мұқанов, І.Жансүгіров, С.Құлбаев, Ә.Досымбаев, М.Мақатаев) асфальт және көшенің жаяужүруге арналған бөлігіне (тротуар) төсеу жұмыстары жүргізіледі. Сондықтан көше бойындағы бағаналарды ретке келтіру керек. Пайдаланылған электр жарығының ақысы уақтылы төленуде, төлем түбіртектері қолымызда,- деді округ әкімі.
Бірлескен комиссия отырысында сөз алған аудан әкімінің міндетін атқарушы Ержан Әмірханов: «Аудандағы электр бағаналардың, трансформаторлардың, электрлік желілердің құжаттары жоқ. Оны енді заңдастырып келе жатыр. Осы бірлескен комиссия отырысының қорытындысы бойынша шешім шығарып беріңіздер. Соның негізінде аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен ауылдық округ әкімі облыстық энергетика басқармасына және «Жамбыл электр жүйесі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысына хат жазсын. Нақты жауап алынуы керек. Аудандық электр тарату жүйесінің басшысы Ербол Сәрсеновтің комиссиялардың бірлескен отырысына қатыспауы, орнына келген бас инженер Серік Оспановтың көше жарығына жауапты емес екендігі онымен тікелей бірінші басшы айналысады деген жауабын негізге ала отырып «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС-нің басшысына хат жазылуы керек. Серіктестік басшылығы аудандық электр тарату жүйесі мекемесінің басшысы Ербол Сәрсеновке тәртіптік шара қолдансын» деді. Ал отырыста сөз алған мәслихат төрағасы Нұртас Саурықов: «Мойынқұмның жерінде тұрған соң түйінді мәселені бірлесіп шешу керек. Бұл жерде халықтың не кінәсі бар? Түнде біреу зардап шексе не болады? Кешкі уақытта көшеде көліктер, мотокөлік құралдары және электрлік мопедтер көп жүреді. Ауылдағы көше жарығын қалпына келтіруде бірлесіп шешімін табайық. Сіздерді сол үшін шақыртып отырмыз», – деді ол.
Бірлескен комиссия отырысында сөз алған мәслихат депутаты Бекболат Өткелбаев, аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Эльдар Кокушев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Шахикерім Исабеков күн тәртібіне ұсынылған мәселелер бойынша өздерінің ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Отырыс соңында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы ауылдардың көше жарығы өте күрделі әлеуметтік мәселе болып отырғанын ескере отырып, қаулы қабылдады.
Жолдыбай ДӘМЕТОВ
26.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 87
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 607
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 725
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 636
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 646

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8785
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8185
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11413
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9167
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10398