Түргеш тиындарымен толықты

Түргеш тиындарымен толықты

Аудандық тарихи-өлкетану музейі тағы бір құнды жәдігермен толықты. Музей жанашыры, ауданымызға белгілі өнерпаз Гүлназ Әлімқұлова  мұражайымызға  санғасырлық тарихы бар ескі тиындарды сыйға тартты.
Тиындардың бір бетінде Түргеш тайпасының таңбасы түсірілген, келесі бетінде соды тілінде жазба түскен. Тиындардың қақ ортасында ромб тәріздес тесігі бар. Тарихқа үңілер болсақ, мұндай ақшалар VІІІ ғасырда Түргеш қағанатының билік құрған тұсында Тараз және Суяб ақша сарайларында соғылып отырған.
«Музейге сый» акциясы аясында табысталған тарихи туынды музейіміздің нумизматикалық коллекциялар қатарына қосылды.

Айдана Шотбасова, аудандық тарихи-өлкетану музейінің қор сақтаушысы
04.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5206
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5364
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20329
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18965
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22428