ТҰРҒЫНДАР КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕЛЕР УАҚТЫЛЫ ӘРІ САПАЛЫ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС

ТҰРҒЫНДАР КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕЛЕР УАҚТЫЛЫ ӘРІ САПАЛЫ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
 0

Жиынның күн тәртібінде аудан әкімінің ауылдық округтерде өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы есепті кездесулерінің қорытындысы бойынша, тұрғындар тарапынан көтерілген сұрақтарды шешу жолдарын қарастыру мәселелері қаралды. Сонымен қатар, көктемгі дала жұмыстарының, көктемгі екі айлық абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету жұмыстарының, сондай-ақ, 2022 жылға жоспарланған жұмыс индикаторларының орындалу барысы қаралды.

Алдымен, ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Садық Бұтабаев көктемгі дала жұмыстарының орындалу барысы туралы баяндама жасап, әр ауылдық округтердің жоспары бойынша, көктемгі егін егу, тыңайтқыш және тұқым алу жұмыстарының орындалу көрсеткіштерімен таныстырды. Садық Салиевичтің баяндауынша, аудан бойынша 102827 га егістік жер, оның ішінде 20 549 гектары суармалы жерлер бар болса, биылға 101950 га егістік жоспарланып, былтырғы жылмен салыстырғанда 690 гектарға артық жоспарланған.

Бұл орайда, бірқатар ауылдық округтердің әкімдері көктемгі дала жұмыстарының орындалу барысы туралы ақпараттарды уақтылы ұсынбаған. Сондықтан, Ақтоған ауылдық округінің әкімі Тұрар Дулатбаев, Сарымолдаев ауылдық округінің әкімі Сәбит Бәбіжановқа, Тәтті ауылдық округінің әкімі Талғат Алметовқа, Аспара ауылдық округінің әкімі Гаухар Оспанбековаға аудан әкімі ескерту берді.

Одан кейін, аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Болысбек Оразов көктемгі абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету жұмыстары бойынша баяндама жасап, көктемгі екі айлық барысында атқарылатын жұмыстардың жоспарымен таныстырды.

Аудан әкімі көктемгі абаттандыру мен тазалау жұмыстары кешіктіріліп жатқанын айтып, сенбілік жұмыстарын шұғыл түрде ұйымдастыруды тапсырды.

Содан соң аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Азамат Қасабеков 2022 жылға жоспарланған жұмыс индикаторларының орындалуы туралы баяндама жасады.

Одан кейін аудан әкімі Руслан Маратұлы өзінің ауылдық округтерде жасаған есепті кездесулерінің қортындысын жасап, сол кездесулер барысында тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселенің орындалуы және орындалу мерзімі бойынша өзінің орынбасарларына, тиісті бөлімдер мен мекемелердің басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Атап айтсақ, елді мекендердегі жол жөндеу жұмыстары, жарықтандыру, ауыз су, тұрғын үй, жер кезегі, байланыс және т.б. мәселелер бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізіп, тиісті шараларды қабылдауды аудан әкімінің орынбасары Қайрат Арғымбаев пен тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Болысбек Оразовқа тапсырды.

Ауыл тұрғындарының жалпы жерге, оның ішінде жайылымдық жерлерге қатысты көтерген мәселелері бойынша жер қатынастары бөлімінің басшысы Данияр Нұрпейісовке зерделеу жұмыстарын жүргізіп, толыққанды ақпараттарды ұсынуды тапсырды.

Аудан әкімінің есепті кездесулерінде ауыл тұрғындары тарапынан электр қуатының әлсіздігіне байланысты бірқатар сұрақтар қойылған еді. Тұрғындардың осы өтініштерін негізге ала отырып, олардың мәселелерін нақты шешіп беруді аудандық электр жүйесінің басшысы Бақыт Ембаевқа жүктеді.

Сол сияқты ауылдарда газға қатысты туындап жатқан әрбір мәселені шешуге қолдау көрсетуді аудандық газ шаруашылығы мекемесінің басшысы Сағатбек Кулекеевке тапсырды.

Аудан әкімінің есепті кездесулерінде тұрғындар тарапынан ауыл маңындағы дренаждарды қолмен тазалаудың мүмкіндігі жоқтығына, жайылымдық жерлерді кекіре шөбінінің жайлап алуы, ағын су, арықтар мен каналдарды тазалау жұмыстарына қатысты да бірқатар мәселелер көтерілген болатын. Осы мәселелер бойынша жұмыс істеп, нәтижелерін баяндап, ақпараттарын ұсынуды аудан әкімінің орынбасары Бақытхан Әбжапаровқа және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Садық Бұтабаевқа тапсырды.

Денсаулық саласы бойынша, елді мекендерге дәрігерлердің жетіспеушілігі, жедел жәрдем көлігінің қажеттілігі, кейбір ауылдық округтердегі медпункттердің жылыту қазандықтарына байланысты туындаған сұрақтар бойынша аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Мадияр Алмабаевқа тапсырды.

Білім саласына қатысты сұрақтармен нақты жұмыс жасап, тұрғындар өтініш берген білім нысандарының жобалық сметалық құжаттарын жасап өткізуді аудандық білім бөлімінің басшысы Айгерім Алтынбаеваға тапсырды.

Мемлекет тарапынан тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту, шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында беріліп жатқан қайтарымсыз гранттар бойынша туындаған мәселелерді шешуді Жұмыспен қамту орталығының директоры Ербол Дүйсебаевқа тапсырды.

Сондай-ақ, халықтың аз қамтылған санатындағы азаматтарды қолдау мақсатында беріліп жатқан әлеуметтік көмектер бойынша жұмыс жүргізуді, оның ішінде Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне әлеуметтік көмек көрсетуді жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Тоғжан Тұрсыналыға тапсырды.

Аудан әкімі Азық-түлік бағаларына қатысты қойылған сұрақтармен және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын реттеу бойынша жұмысты жасауды аудан әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ахан Алтынбаевқа тапсырды.

Құқық қорғау саласы бойынша көтерілген мәселелер бойынша аудандық полиция бөлімінің басшысы Сәбит Мамытбековке тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар, осы тапсырмалардың заң аясында шешу жолдарын қарастырып, заң талаптары бойынша шешілуін қамтамасыз етуді аудан әкімі аппфараты басшысының уақытша міндетін атқарушы Нұрсұлтан Нәрікбаевқа тапсырды.

Сондай-ақ, ауылдық округ әкімдеріне елді мекендердегі жөндеуді қажет ететін көшелердің сметалық құжаттарын дайындап, экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне уақтылы өткізуді тапсырды.

Аудан әкімі Руслан Маратұлы аппараттық кеңесті қорытындылай отырып, есепті кездесулерде тұрғындар көтерген әрбір мәселенің уақтылы әрі нәтижелі шешімін табуы қажет екенін айтып, өзінің орынбасарларына, ауыл әкімдеріне және бөлімдер мен мекемелердің басшыларына жүктелген тапсырмалардың нақты орындалу мерзімдерін белгілеп, сапалы сапалы жүзеге асырылуын қатаң тапсырды.

Меркі ауданы
27.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 84
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 89
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 190
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 190
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 328
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 331
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 553
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 500

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9201
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8598
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11825
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9595
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10808