ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ЖҰМЫС ТОБЫ ҚҰРЫЛДЫ

ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ЖҰМЫС ТОБЫ ҚҰРЫЛДЫ
 0

Бүгін қала әкімі Ержан Жылқыбаев Шөлдала алқабы 28 саяжай  тұрғындарын қабылдады. Тараз қаласы әкімдігіне жиналған көпшілік  жерлерін заңды түрде  заңдастыра ала алмай жүргенідігін айтты.

Мәселенің мән-жайына тоқталсақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 ақпандағы  №113  «Жамбыл облысы Тараз қаласының және Байзақ,  Жамбыл аудандарының әкімшілік шекараларын өзгерту туралы» Қаулысы негізінде Тараз қаласы аумағына Құмшағал шағын ауданына 28 саяжай алқаптары енді. 2018 жылы аталған саяжай алқабына тұрғын алқап статусы берілді. Қазіргі таңда, тұрғын алқапқа қажетті инженерлік және инфрақұрылымдық желілерді тарту жұмыстары жүргізілуде.

Алайда, 10 жылдан бері 4769 жер учаскесі заңдастырылмай,  тұрғындар саяжай кітапшалары негізінде жүр. Ал,  құжаттары рәсімделмеген нысандар алдағы уақытта инфрақұрылым желілеріне қосылуға мүмкіндігі  жоқ. Бұдан бөлек,  азаматтар алдынан жұмысқа орналасу сынды басқа да мәселелер кездесуде. Бұға дейін, саяжай төрағаларынан алқаптардағы жер учаскелерінің тізімі алынып, бөлім мамандарымен азаматтарға құжаттарды рәсімдеу үшін түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ержан Жылқыбаев көптің мәселесін мұқият тыңдап, алдағы уақытта аталған проблеманы зерделеу мақсатында арнайы жұмыс тобын құрып, азаматтардың құжаттарын қабылдап оны рәсімдеп,  тиісті мекемелерге жолданатынын жеткізді.  Сонымен қатар саябақ кітапшасы негізінде жерді пайдаланып және учаскесінде құрылысы аяқталған, сонымен қатар меншік құқығын алған  жер пайдаланушылардың өтініштері ҚР Жер кодексінің 43 бабына сәйкес Жер комиссиясы отырысында қарастырылады.

Көпшілік көтерген мәселе  шаһар басшысы жеке қадағалауына алатынын және барлық айтылған өтініштер бойынша рет-ретімен, заң жүзінде көмек көрсетілетін болады. Ержан Жылқыбаев тұрғындар алдында жауаптыларға нақты тапсырма жүктеді.

 

 
05.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 60
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 54
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 168
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 168
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 311
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 311
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 532
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 482

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9186
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8584
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11812
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9581
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10794