Тұрғындар өз таңдауларын жасауда

Тұрғындар өз таңдауларын жасауда
 
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты халыққа Жолдауында ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлау жүйесін енгізу керектігін айтқан болатын. Мұндағы басты мақсат - жергілікті тұрғындардың билікке деген сенімін арттыру, ауыл халқының тікелей таңдау жасауына мүмкіндік беру болып табылады. Дәл осы сайлау жүйесімен бүгінде ауданымыздағы Өндіріс, Қорағаты, Жаңақоғам ауылдық округтерінің әкімдері сайланса, өткен жылдың соңында ғана Шу қаласының тұрғындары қала әкімінің сайлады.
Енді міне, аудан орталығының іргесінде орналасқан Бірлік ауылдық округі әкімінің өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты ауылдықтар өз әкімдерін сайлауда. Өз жұмысын таңғы 7.00-де бастаған №461 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасаған ауыл тұрғындарының қарасы қалың. Жалпы, ауыл әкімінің сайлауына 6 кандидат өзін-өзі ұсынса, олардың барлығы дерлік саяси науқан алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізді.
Бірлік ауылдық округі бойынша 1764 сайлаушы бар болса, қазіргі уақытқа дейін 400-ден аса тұрғын дауыс беріп үлгерді. Бүгінгі саяси науқан бастала салысымен 8 сенімді өкіл мен бірнеше тәуелсіз бақылаушы тіркелген. Олар сайлау комиссиясындағы 9 адаммен бірге сайлаудың әділ өтуін қатаң қадағалайтын болады.
Шу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
03.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 77
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 81
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 183
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 183
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 322
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 325
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 547
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 493

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9198
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8595
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11822
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9591
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10805