Тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін жақсарту, өзекті мәселелерді шешу – басты талап

Тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін жақсарту, өзекті мәселелерді шешу – басты талап

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Сарысу ауданына жұмыс сапарымен барып, жұртшылықпен жүздесті.

Алдымен Ербол Қарашөкеев халықты облыста атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

Бұдаң соң Сәкен Мамытов сөз алып, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен облыс әкімі жүктеген тапсырмалардың орындалу барысын баяндады.

Аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов, ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлан Молдабеков, ветеринария бөлімінің басшысы Ақылбек Оспанов жауапты салалары бойынша есеп беріп, сұрақтарға жауап берді.

– Балалар қауіпсіздігі – бәрінен маңызды. Өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие мен озық білім беруде ата-ана мен ұстаздар қауымына зор жауапкершілік жүктеледі. Бірақ, баланың тәрбиесіне бірінші кезекте ата-ана жауапты екенін естен шығармаған жөн. Бала – болашағымыздың шамшырағы! Сондықтан бар ауыртпалықты ұстаздарға жүктеудің қажеті жоқ деп санаймын, – деген облыс әкімі бала – ата-ана – ұстаз арасында тығыз байланыс орнатудың маңыздылығын жеткізді.

Аймақ басшысы аудан орталығы – Жаңатасты дамытуға ден қойып, қала әкімі Ильяс Домалақовтың өзекті мәселелерді шешу бойынша жоспарын тыңдады.

– Халық сізді әкім етіп сайлап, қаланы басқаруды сеніп тапсырды. Тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін жақсарту, өзекті мәселелерді шешу – өте маңызды. Жылыту маусымы жоспарға сәйкес жүргізілуі тиіс. Ендеше, жұмысты жандандырыңыз, – деді Ербол Қарашөкеев Жаңатас қаласының әкіміне қарата.

Облыс әкімі жол-көлік оқиғаларының жиілегеніне алаңдаушылық білдіріп, ережені елемеген азаматтарға заң аясында қатаң шараларды қабылдауды талап етті.

Бұдан бөлек, аудандық аурухана жұмысына тұрғындардың наразылығы барын айта келе, бас дәрігерге қызмет көрсету сапасын арттыруды міндеттеді.

Кездесу сұрақ-жауап форматында жалғасып, азаматтар бірқатар мәселе көтерді. Атап айтқанда, аурухана құрылысын жүргізу, білім беру ошақтарын автобуспен қамту, өндірілген өнімді өткізу, ағын су мәселесі мен өзге де өтініш-тілектерін жеткізді.

Ал, зейнеткер Сейітқадыр Әбдіхалықұлы жастарға жұмыс орнын ашу мәселесіне көңіл бөлуді сұрап, ойларымен бөлісті.

– Инвестициялық қоржынымызда 4 мыңнан аса жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін 80 жоба бар. Инвесторлармен кездесу барысында өндіріске жергілікті тұрғындарды, оның ішінде жастарды жұмысқа тартуды алға тартамыз. Жыл басынан бері 19 жоба іске асып, 674 жаңа жұмыс орны құрылды. Олардың басым бөлігіне өзіміздің жамбылдық тұрғындар орналасты, – деп облыс әкімі ақсақалдың сұрағына жауап берді. Инвестиция тарту – өңір экономикасы үшін маңызды мәселе екеніне назар аударды.

Ербол Қарашөкеев сөзін қорытындылай келе, аудан әкімдігіне мемлекеттік қолдау шараларын кеңінен насихаттап, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту, табысын артыру бойынша нақты міндеттер жүктеді.

Кездесуден соң облыс әкімінің жеке қабылдауы өтіп, сарысулық азаматтардың өтініш-тілектері қаралды.

Айта кетейік, 9 айда өңірдің барлық деңгейдегі әкімдері дәл осындай форматтағы 550 кездесу өткізді. Басқосуларда 2 125 мәселе көтерілген, оның 1 457-сі орындалып, 668-і бақылауға алынды.

Жамбыл облысы әкімдігі
13.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 80
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 602
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 719
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 631
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 641

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8776
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8176
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11405
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9159
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10390