Тұрғындармен кездесті

Тұрғындармен кездесті
Ауылдық мәдениет үйінің фоесінде ұйымдастырылған кездесу еркін форматта өтті.
♦️Есепті кездесуге Талас аудандық мәслихаттың хатшысы Қадірбек Садубаев, Талас аудандық прокурорының орынбасары Нұрлан қатысты.
♦️Жыл басында аудан басшысы 2021-2022 жылдары ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша тұрғындар алдында толыққанды есебін берген болатын. Осыны ескерген Қанатбек Мәдібек бұл жолғы кездесуде атқарылған істерге қысқаша тоқталып, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерге көбірек көңіл бөлді.
♦️ Қазіргі таңда ауылдық округке тартылған көгілдір отынын үйді-үйге кіргізудің заңдылығын, техникалық шарттарын түсіндірді.Тоғыз жолдың торабы саналатын Ақкөл ауылында «Дәмхана», «Шәйхана» сынды жолаушыларға қызмет көрсететін нысан жоқ екендігін тілге тиек етіп, ауыл азаматтарын мемлекеттік бағдарламаларды пайдаланып кәсіп бастауға шақырды.
♦️Еркін форматта өткен жиын барысында ауыл тұрғындары бірінен соң бірі сөз алып, өздерін толғандырған мәселелерді айтып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
♦️Ақкөл ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Досболат Туғанбаев, ауыл тұрғындары Мамыр Қазыбаев, Сауыт Қарғаш, Қанжан Әбдіровтер ауылдағы жайылымдық жердің жағдайын, ауыл ішімен өтетін үлкен жолға жол кедергілерін қою, Ақкөл орта мектебінің ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу сияқты мәселелерді алға тартты.
♦️Аудан әкімі Қанатбек Мәдібек өз кезегінде тұрғындар тарапынан көтерілген осы және өзге де мәселлер бойынша жауап беріп, ұсыныс-пікірлерді назарға алды.
Талас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
18.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

Бұл құрылтайда кәсібилік  болмаса, бәрі бекер...
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 06.08.2026 230
Талғарда   тоғызқұмалақтың   үздіктері анықталды
Ә.ФАЗЫЛОВА, Алматы облысы - 06.08.2026 166
Маңызды жобалар басталды
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 06.08.2026 171

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26819
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26248
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43641
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39420
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 44034