Түрік мәдениеті және мұрасы қоры “Қорқыт және Ұлы Даланың әуендері” атты халықаралық фестиваль өткізуде

Түрік мәдениеті және мұрасы қоры “Қорқыт және Ұлы Даланың әуендері” атты халықаралық фестиваль өткізуде

Түрік мәдениеті және мұрасы қоры мен Қызылорда облысы әкімдігінің бірлескен ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында орналасқан “Қорқыт ата” мемориалдық кешенінде түркі халықтарының фольклорлық-музыкалық өнеріне арналған “Қорқыт және Ұлы Даланың әуендері” атты VII Халықаралық фестиваль ашылды.

“Әдебиет және өнер” порталына Түрік мәдениеті және мұрасы қорынан берілген мәліметке сәйкес, фестивальге Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Тыва және Алтайдан келген 200-ге жуық өнер шеберлері қатысуда. Бұл фестиваль Қызылорданың Қазақстанның астанасы (1925–1927 жылдары) болып жариялануының 100 жылдығына арналған.

Халықаралық шараның басты мақсаты — түркі халықтарының бай мәдениетін, ұлттық музыкасын және рухани құндылықтарын насихаттау, сондай-ақ халықаралық мәдени байланыстарды нығайту.

Салтанатты ашылу рәсімінде Түрік мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова мен Қызылорда облысының мәдениет, архив және құжаттама басқармасының басшысы Жанмұрат Сейілов құттықтау сөз сөйлеп, фестиваль қатысушыларына шығармашылық табыс тіледі. Мерекелік кеште түркі елдерінен келген дәстүрлі музыкалық өнердің танымал орындаушылары көрермендерді ерекше өнер көрсетілімдерімен қуантты.

Келесі күні түркі елдерінің фольклорлық-музыкалық өнеріне арналған “Қорқыт және Ұлы Даланың әуендері” халықаралық фестивалі аясында “Қорқыт мұрасы: Түркі дүниесі үшін ортақ эпикалық құндылықтар” атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Конференцияға Түрік мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев сондай-ақ түркі елдерінің мәдениет, тарих және әдебиет салаларындағы жетекші ғалымдары мен сарапшылары қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – Қорқыт мұрасының және оның эпикалық дәстүрлерінің түркі халықтарының рухани әрі мәдени өміріндегі маңызын жан-жақты талқылау, ғылыми зерттеулерді дамыту және халықаралық ынтымақтастықты нығайту болды. Конференция барысында “Қорқыт ата кітабының” тарихи негіздері, оның түркі әлеміндегі рөлі, сондай-ақ заманауи мәдениет пен әдебиеттегі көрінісі тақырыптарында пікір алмасулар жүргізілді. Ғалымдар өздерінің жаңа ғылыми зерттеу нәтижелерін ұсынды және Қорқыт мұрасын зерттеудегі қазіргі теориялық тәсілдерімен бөлісті.

Түрік мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова өз сөзінде конференция қатысушыларын құттықтап, Қорқыттың ұлы мұрасын сақтау мен оны әлемдік деңгейде танытудың маңыздылығын атап өтті. Конференция аясында ғылыми баяндамалар тыңдалды, панельдік пікірталастар өтті, сондай-ақ “Түркі фольклорлық мұрасы” антологиясы жобасы аясындағы “Түркі қаһармандық эпосы” сериясының алғашқы томы таныстырылды.

Іс-шара соңында Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті Үлжан Байбосынова “Көрұғлы” поэмасынан және Сыр елінің жырауларына тән бірнеше жыр үзінділерін орындады.

Бұл халықаралық конференция түркі дүниесіндегі эпикалық шығармашылық дәстүрлердің бірлігі мен өзара байланысын нығайтуға арналған маңызды алаң болумен қатар, түркі халықтарының рухани мұрасын сақтау және насихаттау жолындағы айтулы қадам ретінде бағаланды.

 

14.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

Иран МАГАТЭ-ні неге айыптады?
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 09.10.2025 262
ЖЕҢІМПАЗҒА КӨЛІК сыйға тартылды
Нұрсайын ШӘРІП, Солтүстік Қазақстан облысы - 09.10.2025 248

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18655
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18519
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33688
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32238
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36020