Туристер Тараздың тарихи-мәдени орындарын аралады

Туристер Тараздың тарихи-мәдени орындарын аралады

Халықаралық «ZHEIF-2023» форумы аясында облысымызға келген қонақтарға өңірдегі тарихи орындар таныстырылды. Алдымен «Тараз — шеберлер қаласы»  атты көрмеге барған келушілер жамбылдық қолөнершілердің қолынан шыққан бұйымдарды тамашалады. Түрлі түстерді үйлестірген құрақ көрпелер мен көргенді тамсандыратын әшекей бұйымдар, ұлттық тұрмыстық құрал-жабдықтарға сүйсінген кей туристер ұнатқан дүниелерін сатып алып жатты.

Еліміздің өзге де облыстарынан келген меймандар Ақыртас кешеніне барып, ондағы тарихи деректермен қанықты. Ақыртасты зерттеген ғалымдардың дәлелдеген мәліметтерін сол нысандағы жәдігерлерді көрсете отырып баяндаған «АРК ғылыми ұйымы» ЖШС директоры Ескендірбек Төрбеков бұл  аяқталмаған құрылыс екеніне атап өтті.

- Бұл форумды ұйымдастырудағы мақсат — Жамбыл облысына әлеуетті инвесторларды тарту. Сондай-ақ, инвесторларға мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктер мен қолдау туралы кеңінен айту, тарихы тереңнен тамыр тартатын көне Тараздың, киелі Жамбыл өңірінің  туристік орындарын көрсете отырып, ел экономикасын дамытуға үлес қосу тетіктерін қарастыру маңызды.

Шетелдік туристерді алып келген туроператорларға да қаржылай қолдау көрсетіледі. Себебі, шет елден келетін әр турист орташа есеппен 300 мың теңге алып келеді деген болжам бар. Ол тұрақтайтын қонақ үйге, тамақтанатын орындарға, сатып алатын бұйымдарына төлейтін ақшаларымен мемлекет тарапынан көрсетілетін қаржылық қолдаудың орны толығады. Туризмді дамыту – халыққа жаңа жұмыс орындарын ашуға да оң ықпалын тигізеді, - дейді мәдениет және спорт министрлігінің туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рысбеков.

Облысқа келген қонақтардың бірі түркістандық «Sultan TRAVEL TURKISTAN»  туристік компаниясының бас менеджері Акида Еркінбаева Таразға алғаш рет келіпті.

- Бүгін Жамбыл облысына алғаш рет келіп, туристік орындарымен арнайы таныстым. Табиғаты сұлу, көнеден қалған тарихи орындары көп екен. Енді өз компанияммен туристерді Жамбыл облысына, тарихы терең Таразға алып келетін арнайы турлар ұйымдастыруды жоспарлап отырмын, - дейді ол.

Ақпараттық тур «Айша бибі»,  «Тектұрмас»,  «Қарахан»  тарихи-мәдени орындары мен «Көне Тараз»  археологиялық  паркінде жалғасты.

Жамбыл облысы әкімдігі
26.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 63
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 588
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 703
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 617
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 627

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8763
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8162
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11391
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9145
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10376