Туристерге 1,3 млрд.теңгенің қызметі көрсетілді

Туристерге 1,3 млрд.теңгенің қызметі көрсетілді

Биыл Жамбыл облысына 15,9 млрд.теңгені құрайтын 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл 200 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда 3 жоба пайдалануға берілді. Атап айтқанда, «Koksai resort», «Алмалы» (Жамбыл ауданы) туристік аймақтары мен Тараз қаласындағы «Зербұлақ» аквапаркі туристердің барлық сұраныстарына сай қызмет көрсетуде.

2023 жылдың қорытындысына сәйкес туризм саласына 25,6 млрд.теңге инвестиция салынған болатын.

Ағымдағы жылдың ІІ тоқсанының қорытындысы бойынша облысқа 95 644 турист саяхаттап келді. Оның ішінде 1 455 шетелдік, еліміздің өзге өңірлерінен келген 94 209 турист бар. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда туристер саны 40,1 пайызға өскен.

Бүгінде облыс аумағында 225 туристерді орналастыру, 525 тамақтану, 21 демалыс орны, 16 туристік ұйым, 9 балаларды сауықтыру лагері, 7 шипажай жұмыс істейді.

Туристерге 1,3 млрд.теңгенің қызметі көрсетілді.

Туристік инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, Жамбыл ауданы «Ақыртас» сарай кешініндегі ауыз су мәселесі жеке инвестордың қаражаты есебінен шешімін тапты. Тараз қаласындағы «Таскөл» демалыс орталығы электр желісімен қамтамасыз етілді. Бұдан бөлек, 4 туристік нысанның инфрақұрылымын дамыту бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. 

Туристерге толық ақпарат беретін, яғни анықтамалық қызметтің барлық ресурстары қамтылған 4 туристік ақпараттық терминал халық көп шоғырланатын орындарға қойылған.

Туризм саласын дамытудағы негізгі міндеттердің бірі — кәсіби мамандар даярлау. Өткен жылы гидтер мен экскурсоводтар курсы ұйымдастырылып, 30 маман халықаралық дәрежедегі сертификат алды.

Ағымдағы жылы «Жанды сабақтар» жобасы, «Taraz City bus» экскурсиялық бағдарламасы, «Көктем көркі — қызғалдақ» іс-шарасы жүзеге асырылуда.

2024 жыл – Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы болып жарияланды. Аталған бастама аясында Жамбыл облысының туристік әлеуеті мен мүмкіндіктері таныстырылған болатын. 

Айта кетейік, Тараз қаласы Дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне 56-шы қала болып енгізіліп, Қазақстанның алғашқы қолөнершілер қаласы мәртебесіне ие болды. 

Осы мәртебені әрі қарай бекіту мақсатында жыл сайын «Тараз – қолөнершілер қаласы» халықаралық қолөнершілер көрмесі ұйымдастырылып тұрады.

Жамбыл облысы әкімдігі
11.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 43
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 574
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 688
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 602
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 611

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8748
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8148
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11377
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9131
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10362