Туризм – табыс көзі

Туризм – табыс көзі

 

Қазіргі кезде экономиканың тынысын ашатын тағы бір шұрайлы жол – туризм индустриясын дамыту. Әлем сарапшыларының нақтылауына қарағанда, туризм индустриясы мұнай-газ саласынан кейінгі ел қоржынын толтыруда екінші орында тұрған көрінеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та  туризм саласына ден қою керегін айтып отыр.

 

– Тағы бір маңызды мәселе. Үкімет және Парламент туризмді дамыту мәселесіне баса назар аударуға тиіс. Еліміздегі туризмнің әлеуеті зор, көрікті жерлеріміз өте көп. Бірақ сол жерлерге барып, демалуға әлі де жұрттың қолы жете бермейді. Бұл салаға тың серпін беру үшін, ең алдымен, инфрақұрылым мәселесін кешенді түрде шешіп, қызмет сапасын түбегейлі жақсарту қажет, – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы өз Жолдауында.

Шынында да, құс қанаты талатын, әлемде көлемі жағынан алғанда тоғызыншы орын алатын Қазақстанда туризмді дамытуға әлеует жеткілікті. Кең байтақ қазақ жерінде табиғаттың өзі бере салған шұрайлы өлке, кім-кімді де өзінің көркем келбетімен тамсандыра алатын тұмса табиғат аз емес. Мәселен, Ұлытау облысының қай өңіріне барсаңыз да тарихи жәдігерлер мен қасиетті орындар мен мұндалап тұр. Сол аймақтардан туризм кластерін құр да жан-жақтан елді шақырып, табысыңды таба бер.

Рас, бұл саланың да өзіндік қйындықтары шаш етектен. Десек те, мүмкіндіктер де мол. Мәселе соның көзін тауып, оны орынды жүзеге асыру. Жуырда, Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлының төрағалығымен өткен алқалы жиында осы мәселелер кеңінен сөз болды.

Алқалы жиында мәлім болғанындай, былтыр Ұлытау облысының туристік реестрі қалыптасыпты. Реестр бойынша облыста бүгінгі күні 11 қолөнер шебері, турагенттік қызмет көрсететін 3 компания, 9 экскурсовод, 1 гид, 27 қонақ үй, 1 шипажай, 11 демалыс орындары тіркелген.

Ұлытау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқарамасының басшысы Ғазиз Төлеуовтің айтуынша, қазіргі таңда Ұлытау облысында орналастыру қызметтерін 27 объектілер көрсетуде. Оларда біржолғы сыйымдылығы 556 төсек-орынды құрайтын 307 нөмір бар. Соңғы статистикалық мәліметтерге сәйкес орналастыру орындарының көрсеткен қызметтерінің көлемi өткен жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,0 пайызға өсті және 246,9 млн. теңгені (мейрамханаларды қоспағанда) құрады.

Өткен жылы орналастыру орындарында қызмет көрсетілген келушілердің саны 25,6 мың адам болған. Оның ішінде 649 адам шетелдік туристер. Туристердің 14 мыңы «Жошы хан» тарихи-мәдени кешеніне келсе, 4 мың адам «Сапар орталығы» визит-центріне келген.

Бүгінгі күні өңірде осы туризм саласын дамыту күн тәртібінде тұр. Бұл бағытта Мемлекет басшысының туризм саласына көбірек инвестиция тарту жөніндегі тапсырмасы да негізге алынған.

– Кәсіпкерлер туризмнің болашағы зор екенін көруі керек. Сол үшін қажетті жағдайды жасаған жөн. Осы салаға салынған жеке инвестицияның көлемі, іштен және сырттан келген туристердің саны неғұрлым көп болса, жұмыстың нәтижесі де соғұрлым тиімді болмақ, –  деп атап өтті Президент.

Мемлекет басшысының осы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Ұлытау облысының 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына сәйкес нақты Туризм саласын дамытуға 1,5 млрд теңге жұмылдыру көзделген. Өңірдің кешенді даму жоспарына сәйкес, «Қазақмыс» корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Әулиетаудың шығар басына баспалдақ, «Күмісбұлақ», «Тасбұлақ» туристік аймақтарына абаттандыру жұмыстарын жүргізуге 80 млн. теңге инвестиция салу жоспарлауда. Мұның сыртында 2023 жылы Жезқазған қаласында 100 орындық және 50 орындық екі қонақ үй салып, іске қосылу жоспарлануда. Сол сияқты, облыс әкімінің 2022 жылдың 2 жартыжылдығында ұйымдастырылған жас кәсіпкерлерді қолдау грантында туризм  саласына қатысты 9 млн. теңгеге 5 жоба қолдау тапты. Мұның бәрі өңірде туризмнің өрістеуіне өзіндік ықпалын тигізері анық.

Тей тұрғанмен аталмыш салада қолбайлау боларлық жайтар да аз емес сияқты. Жиында облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқарамасының басшысы Ғазиз Төлеуов ол кедергілерді құлағынан тізіп шықты. Басқарма басшысының айтуынша аймақта өздігінен саяхаттаушы туристерге ақпараттық-бағыттауыштардың жоқтығы өз кедергісін тигізіп жатқан сияқты. Осыған орай облыс басшысынан Жезқазған қаласының және Ұлытау ауданының әкімдеріне қала, аудан көшелеріне келген туристердің жайлы сапарлары үшін ақпараттық бағыттауыштар орнатуды тапсыруды сұрады. 

Жиын соңында Берік Әбдіғалиұлы сырттан келген туристерді әуежайдан, вокзалдан күтіп алып, қажетті жағдайды ұсынатын туристік пакеттердің жоқтығы – туризмді дамытуға кедергісін келтіретінін жеткізді. Сонымен қатар, халықты ақпараттандыратын жарнамалардың жасалмай жатқанын сынға алып, аталған мәселелерді қолға алуды тапсырды.

Ізтай Белгібайұлы.
25.06.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 22
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 37
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 13
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 18
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 23
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 20
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 40
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 37
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 253
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 249
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 872

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8946
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8339
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11566
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9324
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10550