Референдум

Түркі мәдениеті және мұрасы қоры мен AlmaU ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Түркі мәдениеті және мұрасы қоры мен AlmaU ынтымақтастық перспективаларын талқылады

2026 жылғы 16 наурызда Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті, профессор Ақтоты Райымқұлова Алматы Менеджмент Университетінің (AlmaU) делегациясын қабылдады. Кездесуге Университет президенті, негізін қалаушы доктор Асылбек Қожахметов, сондай-ақ Жоғары бизнес мектебінің деканы Ксения Южанинова-Караденизли қатысты.

Кездесу барысында тараптар білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасты. Атап айтқанда, түркі әлемінің ортақ мәдени мұрасын зерттеу және насихаттау бағытында жоғары оқу орындарымен бірлескен жобаларды жүзеге асыру, студенттер мен зерттеушілер алмасу бағдарламаларын дамыту, сондай-ақ инновациялар мен кәсіпкерлік саласында тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.

Қор Президенті, профессор Актоты Райымқұлова Қордың негізгі қызмет бағыттары, жүзеге асырылып жатқан халықаралық жобалар мен баспа бағдарламалары туралы кеңінен ақпарат беріп, мұндай ынтымақтастықтың түркі әлеміндегі ғылыми және мәдени интеграцияны нығайтуға елеулі үлес қосатынын атап өтті.

Өз кезегінде доктор Асылбек Қожахметов Алматы Менеджмент Университетінің халықаралық ынтымақтастығы, инновациялық білім беру модельдері мен бастамалары туралы айтып, Қормен бірлескен жобаларды іске асыруға қызығушылық білдірді.

Кездесу қорытындысында тараптар өзара қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамыту және нақты жобаларды жүзеге асыру мақсатында бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.

18.03.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23923
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23594
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 40891
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37013
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41262