2026 жылғы 3 наурызда Астана қаласында Түркі мәдениеті және мұрасы қоры мен Қазақстан Республикасының жетекші ғылыми, инновациялық және технологиялық мекемелері — «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, Астана халықаралық университеті және Astana Hub арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандумға Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті, профессор Ақтоты Райымқұлова, Астана халықаралық университетінің президенті Серік Ирсалиев, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының e-Gov development жөніндегі орынбасары Шыңғыс Оразәлімұлы және Astana Hub бас директорының кеңесшісі Ілияс Макашев қол қойды.

Меморандум аясында тараптар білім беру, инновациялар және технологиялар салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін қарастырып, түркі әлемінің бай мәдени мұрасын зерттеу, сақтау және насихаттауға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыруды жоспарлап отыр.
Қол қойылған Меморандум түркі әлемінің технологиялық және мәдени әлеуетін біріктіруде, сондай-ақ тараптар арасындағы институционалдық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуда маңызды рөл атқарады.















