Түркі мәдениеті және мұрасы қоры Өзбекстанмен ақпараттық ынтымақтастықты кеңейтуде

Түркі мәдениеті және мұрасы қоры Өзбекстанмен ақпараттық ынтымақтастықты кеңейтуде

2026 жылдың 28 тамызда Өзбекстан Республикасына жұмыс сапары аясында Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті, профессор Ақтоты Райымқұлова Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігінің (UZA) Бас директоры Абдусаид Кучимов мырзамен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қор мен Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігі арасындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылап, түркі халықтарының материалдық және материалдық емес мәдени мұрасын сақтау, зерттеу және кеңінен насихаттауға бағытталған халықаралық мәдени-гуманитарлық жобалар мен бастамаларды ақпараттық сүйемелдеуге ерекше назар аударды.

Профессор Ақтоты Райымқұлова Қордың негізгі жобалары мен бастамалары туралы ақпарат берді. Олардың қатарында «Түркі мәдени мұрасының көптілді каталогы», «Түркі фольклорының антологиясы», «TurkicHeritage»цифрлық платформасы, реставрациялық, баспа және ғылыми-ағартушылық жобалар, сондай-ақ Бірінші түркологиялық конгрестің 100 жылдығына арналған іс-шаралар бар.

Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігінің Бас директоры Абдусаид Кучимов мырза Түркі мәдениеті және мұрасы қорының қызметіне және түркі халықтарының ортақ мәдени мұрасын сақтау мен насихаттау бағытында атқарып жатқан жұмысына жоғары баға беріп, Қордың жобалары мен бастамаларын ақпараттық тұрғыдан қолдауға қызығушылық білдірді.

Тараптар сондай-ақ бірлескен медиажобаларды жүзеге асыру, тақырыптық басылымдар, сұхбаттар, фото және бейнематериалдар әзірлеу мәселелері бойынша пікір алмасты. Мұндай бастамалар түркі әлемінің мәдениеті мен мұрасын халықаралық ақпараттық кеңістікте кеңінен танытуға ықпал ететіні атап өтілді.

Кездесу барысында Түркі мәдениеті және мұрасы қоры мен Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігі арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою мүмкіндігі қарастырылды.

28.08.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 27263
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26769
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 44100
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39852
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 44427