“ТҮРКІСТАН - ЕР ТҮРІКТІҢ БЕСІГІ ҒОЙ”

“ТҮРКІСТАН - ЕР ТҮРІКТІҢ БЕСІГІ ҒОЙ”
Ыстанбұлдағы Қазақстан мәдениет және сауда орталығында Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы және Түркістан облысы кәсіпкерлік пен өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов қонақта болды.
“Түркістан - екі дүние есігі ғой,
Түркістан - Ер Түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған
Түріктің Тәңірі берген несібесі ғой.”
-, деп Мағжан ақын жырлаған Түркістандай қасиетті киелі шаһар басшысының Анадолы жерінде біздің орталықта арнайы болуы үлкен құрмет -, деді орталық басшысы, алғашқы Қазақ Бас консулы, дүниежүзі Қазақтар қауымдастығының Түркиядағы өкілі Ержан Уәйіс. Мәдениет орталығында биыл Түркия Республикасының 101 жылдығы және Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыстың 33 жылдығына орай бірқатар игілікті шаралар атқарылды. Орталықта 100 фотосурет көрмесі ашылды. Алаш арыстары Ахмет Байтұрсынның, Мұстафа Шоқайдың, Темірбек Жүргеновтің, 100-ге толған жазушы Бердібек Соқпақбаевтың кітаптарының түрік тіліне аударма шығармаларының тұсаукесері өткізілді. Түркияның зиялы қауымы, Қазақ диаспорасының өкілдері, студент жастар қатынасты. Қазақстандық студент жастар “Бірлік” тобын құрды. Оларға осы жерден бөлме берілді. Бірнеше жастарға JS Holding басшысы Ғани Мырзаның шешімімен шәкіртақы тағайындалды.
Қасиетті шаһар басшысы Әзімбек Пазылбекұлы Түрік дүниесінің рухани астанасы Түркістанда атқарылып жатқан қарқынды істерге тоқталды. Облыс орталығының мәртебесін алған жасампаз жаңарған қала адам танымастай өзгерді. Жаңа қалашық бой көтерді. Мәдени нысандар саны артты. Ай сайын халықаралық жиын, симпозиумдар көптеп өткізілуде. Өндірістің нысандары бой түзеді. Түркі әлемінің орталығы атақты Қожа Ахмет Яссауи күмбезі барша Түрік халқын, Түрік дүниесін осы араға қол бұлғап шақырып тұрғандай. Қожа Ахмет Яссауи атындағы Қазақ-түрік университеті халықаралық мәртебеге ие болды. Онда Түрік дүниесіндегі ондаған мемлекеттерден мыңдаған жастар оқып білім алуда. Туризм саласы да кең құшақ жайды. Орта Азиядағы інжу-маржан атанған Самарқан мен Бұхарамен қатар әйгілі Түркістанның да жұлдызы жарқырай түсуде.
Имандылық пен парасаттың биік шыңындағы Түркістан шаһарына Түркі халықтарын, әлем халықтарын төрімізге шақырамын деді Ә.Пазылбекұлы. Аймақтағы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов өңірде кәсіпкерлік, өндірістік сала, инвестицияны дамытуда барынша қолайлы жағдай жасалған, эконмикалық, өндірістік, еркін туризм аймақтарындағы келелі істерге тоқталды. Сол үшін де жақында ер Түріктің бесігі болған Түркістанда халықаралық форум өткізіледі және сол жиынға JS Holding басшылығын арнайы шақырамын деді Н.Мырзахметов.
Әлем Қазақтары іс адамдары ассоцияциясының мүшесі, JS Holding төрағасы Ғани Мырза жетекшілік ететін ірі халықаралық мекемеде бірнеше саладағы департамент және басқармалар бар. Қазақстан мәдениет және сауда орталығы, күн энергиясы мен акку-батареялар зауыды, жел қуатынан әзірленетін кәсіпорын, қағаз-картон комбинаттары өндірістік салалар бар. Холдинг басшысының орынбасары Серік Оразбеков түсініктеме берді. Түркияда 2001 жылы негізі қаланған холдингте осы салалар бойынша Анадолы жерінде 20-ға жуық зауыт-фабрика пайдалануға берілді. Өткен жылы күн энергиясынан қуат алатын батареялар зауыды Анкара маңындағы Полатлы аймағында, ал биыл Қайсері облысында қағаз-картон кәсіпорыны іске қосылды. Қазір Полатлы
өндіріс аймағында күн қуатындағы батареялар зауыдының құрылысы жалғасуда. Осы істермен және салаларды дамытуда Қазақстанмен және Түркістан облысындағы жоспарлармен таныстырылды. Бұйыртса, жыл басындағы осы жоспарлардың негізі қаланады, іске сәт!
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы “Түркістан” атты көрнекі бағалы кітапты (үш тілде) орталық басшысы, Түркістанның тумасы Ержан Уәйіске тапсырды.
Ал өз кезегінде орталық жетекшісі шаһар басшысына JS Холдингінің төрағасының атынан мәдениет орталығының естелік табақша сыйлығын табыстады.
Түркістандық құрметті қонақтар Ыстанбұлдағы Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, ұлы ойшыл баба рухына тағзым етті.
Қазақстан - Түркістан мен Түркия арасындағы байланыстар жан-жақты дамитын болады. Өйткені, “Түркістан - екі дүние есігі ғой”. Түрік әлемінің бірлігі жасасын!
 
Ыстанбұл. 29.11.2024 ж.
Ержан Уәйіс. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері. ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас кеңесшісі.
29.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 173
ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПҚА САЙ КІЛЕМ ФАБРИКАСЫ САЛЫНАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 62
ТҮРКІСТАН: Р.СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДА БИЫЛ 130-ҒА ЖУЫҚ ҚОЙЫЛЫМ ҚОЙЫЛҒАН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 03.12.2024 18
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 126
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 105
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 89
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 506
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 472
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 496
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 490
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 488
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 503
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 493
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 686

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9731
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9106
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12341
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10111
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11321